Украина қазақтандық көмірді жеткізуге қатысты мәселе бойынша оң шешімді күтуде

469

Украина қазақстандық көмірді жеткізу мәселесі бойынша оң шешімнің қабылдануын күтуде. Бұл туралы Укранина Жоғарғы Радасының Қаржы саясаты және банк қызметі жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Руслан Демчак хабарлады.

«Иә, шынымен, бұл мәселе қарастырылды. Өкінішке орай, жылыту маусымы аяқталды да қажеттілік төмендеді. Біз, өкінішке орай, қысқы мезгілге жазда қамданбаймыз. Біз бұл мәселеге тамызда немесе қыркүйекке таман қайта ораламыз деп есептймін», — деп мәлімдеді ол журналистерге жұма күні Астанада. Мұнда ол Қазақстан парламентімен ынтымақтастық жөніндегі іссапармен келген Украина Жоғарғы Рада тобының басшысы болып келді.

«Мұндай жеткізілімдер жүргізіледі, себебі, шынымен, Украинаға көмір қажет. Қазақстан күрделі кезеңдерде Украинаға әрдайым демеу көрсетіп жүрді», — деді Р.Демчак.

Бұған дейін Қазақстанның тау-кен өндіруші және тау-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец қазақстандық көмірдің Украинаға жеткізу мүмкіндіктеріне тоқталғанда Қазақстан мен Украина арасында күрделі мәселе туындағанын айтқан болатын, «бұл сол жаққа бағытталған жеткізілімдерің шектелуіне байланысты, Ресей қазақстандық көмірді өткізбей жатыр».

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық көмірді Украинаға жеткізу туралы уағдаластыққа өткен жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға іссапары барысында қол жеткізілген еді.