Украина осы жылы 1,42 млрд доллар қарыз төлеуі қажет

576
Украина осы жылы 1,42 млрд доллар қарыз төлеуі қажет

Украина 2015 жылы  Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) 1,142  млрд доллар  төлеуі қажет делінген  Қордың сайтында жарияланған  төлем кестесінде.

Құжат бойынша  Киев 30 қаңтарда  және 30 сәуір, 30 шілдеде  ХВҚ-ға  stand-by  қызмет көрсету бағдарламасының аясында  220,1 млн доллар төлеуі тиіс. Сондай-ақ наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында 176,1 млн доллар көлеміндегі қаржы аударуы қажет.

Осыған дейін ХВҚ-ның Директорлар кеңесі 2014 жылдың 30 сәуірінде Украина үшін көлемі 16,167 млрд доллар болатын 2 жылға есептелген  несиелік stand-by  бағдарламасына рұқсат берген болатын.  Жоба аясында өткен жылдың мамырында 3,2 млрд доллар, қыркүйектің басында 1,4 млрд доллар бөлінді.  Кейінірек,  Киевті қолдау үшін қаржылық көмек мәселесі қайта қаралып, осы жылғы көлемі 15 млрд долларға дейін жетті.

Ал қаңтар айында Украина ХВҚ-дан stand by  бағдарламасын кеңейтілген қайта қаржыландыруы бар 4 жылдық лайықталған  EFF (Extended Fund Facility, EFF) бағдарламасына ауыстыруын өтінді. Қазір Қор миссиясы Украина билігімен бірігіп, осы бағдарламаны дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін  елдің премьер-министрі Арсений Яценюк  ресми Киевтің 2015 жылы  11  млрд доллар қарыз төлеуі керектігін мәлімдеген еді.  Жалпы Украинаның мемлекеттік тікелей және кепілдендірілген қарызы  өткен жылдың соңында 69,795 млрд-қа дейін өскен.