Украинаның министрлер кабинеті ел президенті Петр Порошенконың жалақысын 28 мың гривен (1,1 мың доллар) деңгейінде бекітті деп хабарлайды «112.ua» порталы үкіметтің қаулысына сілтеме жасап.
Сондай-ақ үкімет премьер-министрдің еңбекақысын 20 мың гривен (800 доллар), вице-премьер жалақысын 17-18 мың гривен (700 доллар) және министрдікі 16 мың гривен (650 доллар шамасында) деп белгіледі. 1 мамырдан бері осындай жалақы көлемі орнатылған.
Еске салайық, шілденің басында Киевте коммуналды тарифтердің өсуіне байланысты еуропалық жалақы орнатылуына да талап еткен жаппай митинг өткен еді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, наразылық акциясына 30 мың шыққан. Олар егер үкімет халық тілегіне құлақ аспаса, алаңда миллион адам болады деген уәде берді.