Украинадағы Сбербанкке бір аптада 26 рет шабуыл жасалған

Фото 112.ua

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz — Украинадағы Сбербанктің еншілесіне және ондағы банкоматтар мен банк бөлімшелеріне осы аптада 26 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы РБК хабарлады.

Мекемедегілер құқық қорғау органдарына хабарласқандарын және Украинадағы ұлттық ұйымдардың өкілдерінің іс-әрекетінен туындаған жағдайға қатты алаңдап отырғанын айтқан.

Осыған дейін Азов Азаматтық корпусының сайтында  белсенділер  Сбербанктің орталық бөлімшесіне тосқауыл қойып тастағанын, ал 9 наурызда белгісіз біреулер Сбербанктің ғимаратын шимайлап бояп тастағаны туралы ақпарат жарияланған еді.