Украинадағы соғысқа ашық қарсы шыққан ресейлік миллиардер «Тинькофф» банктағы үлесін сатады

Ресей. 24 сәуір. 7kun.kz – 22 сәуірде «Тинькофф» алдағы уақытта атауын өзгертетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ресейлік миллиардер Олег Тиньков ресейлік активтерден толығымен шыққысы келеді. Бұл туралы РБК-ға бизнесменнің жоспарларынан хабардар екі ақпарат көзі хабарлады.

Олег Тиньков банктың 35% акциясына отбасылық сенім арқылы иелік етеді. Ол 2021 жылдың басында банктің бақылаушы акционері болуын тоқтатты. Дереккөздің ақпаратынша, кәсіпкер «Әскери операцияға» дейін де өз үлесін сатып алушыларға ұсынған.

Тағы бір дереккөздің айтуынша, банктің негізін қалаушы Ресейден кетіп, ел басшылығына тәуелді емес жерде өмір сүргісі келеді. Кәсіпкер өз үлесін нақты кімге сататыны белгісіз.

Айта кетейік, 2020 жылы Тиньковқа лейкоздың жедел түрі диагнозы қойылғаннан кейін, ол банктің директорлар кеңесінің басшысы қызметінен кетті.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік миллиардер Олег Тиньков Ресейдің Украинадағы «арнайы операциясына» ашық түрде қарсы шыққан болатын.

Осыдан кейін» Тинькофф» ребрендинг өткізіп, ескі брендті пайдаланудан бас тартатынын хабарлады. Банк мұны ұзақ уақыт жоспарлағанын және соңғы оқиғалар бұл шешімді жеделдеткенін атап өтті.