Ұлттық қауіпсіздік сертификатының енгізілуі интернеттегі ақпарат құпиялылығына әсер етпейді

Сондай-ақ, вице-министр «Байланыс туралы» заңның өзгеруіне байланысты Қазақстанның шет аймақтарына берілетін шифрланған трафиктердің реттеліп отыратындығын атап өтті.

«Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ұсынушылар мен қолданушылар арасында таратылмайды. Мен қолданушылар арасында болатын сұрақтарды бақылап отырамын. Әріптестер уайымдамаса болады. Құпия ақпараттар барынша сақталады. Ол ҚР Конституциясымен және басқа да заңдармен қорғалған», — деді вице-министр.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік сертификаты енгізіледі. Интернет байланыс операторлары трафиктерді қауіпсіздік сертификатын пайдаланатын трафиктерді қолданысқа жіберуге міндетті болады.  Алайда қазақстандық интернет қолданушылар аталған сертификат ақпарат құпиялылығына зиянын тигізуі мүмкін деп есептейді.

Фото: www.vsluh.ru