ТаңдаулыТаңдаулы1

Уолл-Стрит банктерінде тәжірибе өтуге арналған үздік бағдарламалар

Тәжірибе – жоғары деңгейлі жұмыс мансабын құрудағы маңызды қадамдардың бірі. Себебі, ол – кәсіби маман ретінде қалыптасуға және компаниялардың ішкі қызметімен толығырақ танысуға жол ашады.

Дегенмен, тәжірибе жақсы жүргізілетін орынды табу қиынға соғады. Әсіресе, Нью-Йорк қаласының қаржы ауданы саналатын Уолл-Стриттан. Ол жердегі бір көктемгі вакансияға ілігудің өзі үлкен күш пен талпынысты қажет етеді.

Vault.com порталы 11 мыңнан аса интернге сұраныс жүргізіп, Уолл-Стрит банктерінен тәжірибе өтуге арналған ең үздік бағдарламалар рейтингін құраған болатын.

Респонденттер бағдарламаларды келесідей факторлар бойынша бағалады: компенсация, интерн міндетінің қиындығы, сұхбаттасу процесі, мансаптық тұрғыдан өсу мүмкіндігі және ары қарай жұмысқа орналасып кету мәселелері.

9. «Lazard» банкінде тәжірибеден өтуді қалайтын интернет-сарапшыларға арналған бағдарлама

Фото: take-profit.org

Рейтингі: 8.474

Артықшылығы: «Қызметкерлері үнемі көмек беруге тырысады».

Кемшілігі: «Үйреніп кетуге тура келетін жұмыс кестесі».

Ұсыныс: «Бағалы тәжірибе компанияның атақ-даңқына байланысты емес, сондықтан өтініш жібермей тұрып, тәжірибеден өтушілерге арналған бағдарлама жайында мүмкіндігінше көбірек білуге тырысыңыз».

8. «Barclays Investment Bank» ұсынатын бағдарлама

Фото: take-profit.org

Рейтингі: 8.596

Артықшылығы: «Корпоративті мәдениет, қызметкерлер құрамын таңдайтын бөлімнің мінсіз жұмысы».

Кемшілігі: « Тұрақсыз жұмыс жүктемесі. Кейде берілетін жұмыс ауқымы тым көп болса, енді бірде істейтін тірлік жоқ».

Ұсыныс: «Сіздің алатын жалпылама әсеріңіз сіз түсетін топқа да байланысты. Сондықтан осы тақырыпқа қатысты ақпаратпен барынша танысуға тырысыңыз».

7. Әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі саналатын Нью-Йорктік «Goldman Sachs» банкіндегі жазғы бағдарлама

Фото: take-profit.org

Рейтингі: 8.68

Артықшылығы: «Кәсіпорындағы деңгейі әр түрлі қызметкерлермен жұмыс істеу, ұжымдық жұмыс. Көп жағдайда тәжірибе аяқталған соң жұмысқа орналасуға ұсыныс жасайды».

Кемшілігі: «Сауда-саттық саласында шынайы сараптамалық міндеттемелердің аздығы, себебі оларға лайықты лицензия керек».

Ұсыныстар: «Кеңсе қызметкерлерімен жақсы тіл табысуға тырысыңыз. Сол кезде әлеуетті қызметкерлер сіздің жұмысқа орналасып кетуіңізге жағдай жасайды».

6. «UBS» – жазғы бағдарлама

Фото: assets.nydailynews.com

Рейтингі: 8.71

Артықшылығы: «Үлкен жауапкершілік, үзілмейтін жұмыс жүйесі».

Кемшілігі: «Жұмыс уақытының жалғасы».

Ұсыныс: «UBS – компаниядағы тепе-теңдікті қалай басқару керектігін білетін аздаған кәсіпорындардың бірі».

5. «Bank of America»-дағы тәжірибе

Фото: tocrypto.ru

Рейтингі: 8.769

Артықшылығы: «Жұмысшылары, жаңа дағдыларды игеру, еңбекақысы».

Кемшілігі: «Қорытынды тұсаукесер».

Ұсыныс: «Жұмыс барысында мұқият қадағалауды әрі тиянақтылықты қажет ететін көптеген технологиялар қолданылады».

4. «Robert W. Baird»-дағы бағдарлама

Фото: take-profit.org

Рейтингі: 8.913

Артықшылығы: «Жұмыс уақытының икемді кестесі, жұмыс ортасы, жауапкершілік».

Кемшілігі: «Бағдарлама туралы ақпараттың аздығы».

Ұсыныс: «Сізге жүктелген міндеттің оңай немесе қиындығына қарамастан, өзіңізді үнемі 100 пайызға көрсетуге тырысыңыз».

3. «William Blair Investment Banking»-тен тәжірибе өтушілерге арналған бағдарлама

Фото: take-profit.org

Рейтингі: 9.218

Артықшылығы: «Компаниялардың бірігуі немесе оны жұтып алу мақсатындағы келісім-шарттармен тиімді жұмыс істеу, қызметкерлері сабырлы әрі еңбекқор».

Кемшілігі: «Тұрақсыз жұмыс жүктемесі, өз жұмысыңның нәтижесін бағалау қиынға соғады».

Ұсыныс: «Егер дәл осы жерде тәжірибеден өтуге мүмкіндік шығып тұрса – одан айырылып қалмаңыз».

2. «Perella Weinberg Partners Advisory»-дағы тәжірибе

Фото: take-profit.org

Рейтингі: 9.412

Артықшылығы: «Инвестициялық жұмыстардағы жаңа дағдыларды меңгеру, басшылықтың арнайы салалар мен ондағы мүмкіндіктерді қалай бағалайтынын түсіну».

Кемшілігі: «Жұмыс кестесіне қарай икемдену».

Ұсыныс: «Нақты қай бағытта жұмыс істейтініңізді алдын-ала жоспарлаңыз. Өзіңізге қажетті тәжірибелік сабақтардан қалып қоймаңыз».

1. «Evercore Advisory»-дан тәжірибе өтуге арналған бағдарлама

Фото: take-profit.org

Рейтингі:  9.809

Артықшылығы: «Түрлі салада жұмыс істеу арқылы өзіңді сынап көру мүмкіндігі, ұжымдық жұмыс, басшылықпен бірге тамақтану, тренингтер».

Кемшілігі: «Қалаған адам оны кез келген жерден табады».

Ұсыныс: «Басқа банктерде тәжірибеден өткендердің сөзіне сенсек, бұл бағдарлама – ең үздік».

Нұрила Әбдіманап “7”

Tags

Осы айдарда

Close