Валюталық депозиттер саясаты қалай өзгерді?

депозиттер
Фото: pro-business.kz

Валюталық депозиттер саясаты қалай өзгерді? Жинақты сақтауға кепілдік беріле ме?

Берік Мұсаев, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Берік Ұлттық Банк теңгемен депозиттер қалыптастыруға арналған талаптарды қамтамасыз ету бойынша алдын ала шаралар қабылдайды. 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан ашылатын депозиттері үшін сыйақының ең жоғары мөлшерлемелері 10%-дан 14%-ға дейін көтерілді. Шетелдік валютамен мөлшерлемелер 3%-дан 2%-ға дейін төмендетілді. Салымдарды кепілдендіру жүйесін одан әрі жетілдіру механизмі зерттелетін болады.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк жек тұлғалар үшін депозит бойынша теңгеге қатысты сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемесін көтеріп және шетел валютасына қатысты мөлшерлемені төмендету туралы шешімді инфляция деңгейін ескере отырып халықтың ұлттық валютадағы салымдарын сақтап қалу және олардың сенімін қайтару үшін қабылдады.

Сондай-ақ, банкте  шотта орналастыру жолымен жария етілетін ақшаның сақталуына белгіленген тәртіппен кепілдік беріледі. Мәселен,  қолданыстағы заңнамаға  сәйкес банктерде  орналастырылған  ақша  бойынша:

ұлттық валютамен шот бойынша он  миллион теңгеден аспайтын;

шетел валютасында шот бойынша бес миллионнан аспайтын сомаға   міндетті кепіл  берілген.

Бірнеше  шоттар болған кезде кепіл  берілген  өтеу  сомасы  он миллион теңгеден  аспайтын  соманы  құрайды.