ВАЗ сатып алу қаншалықты тиімді?

3346
ВАЗ сатып алу қаншалықты тиімді?

Осы «Приора» сатып алу қаншалықты пайдалы? Біреулер бағасы арзан, қолжетімді дейді. Қазақстанда құралмаса да оны «отандық өнім» деп жүргендер де бар. Мәселен, көшеде жүйіткіп бара жатқан бес көліктің екеуі не үшеуі сол Лада екені де рас. Сонымен қарапайым халық үшін ВАЗ сатып алу қаншалықты ұтымды? Осыған жауап іздеп көрейік.

Шіркін, сапасы мен салтанаты келіскен шетелдің көлігін кім тепкісі келмейді дейсің? Әйтпесе осы көршіміздің көлігін біз арзан болғаннан немесе сапалы болғаннан сатып алып жатқан жоқпыз. 2011 жылы Қазақстан Кедендік одаққа кіргеннен кейін автомобиль бағасы аспандап, 1990 жылы шыққан қурап тұрған көлікке атасының құнын сұрау кезеңі басталды. Сырттан енетін «свежий пригнанный» көліктер кедендік рәсімдер қысымынан мүлдем тұншығып қалғаннан кейін, елімізде Ладалар дәурені басталған еді.

Енді сандармен нақты мысалдар келтіріп өтейік . Өткен, яғни 2014 жылдың соңғы сегіз айында Өскемендегі «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобы ең көп сатқан көліктер тізімін « LADA» бастап тұр екен – 30387 бірлік. Одан кейінгі орында «KIA» – 11947 бірлік, үздік үштікті қорытындылап тұрған «Chevrolet» бренді – 8 104 бірлік. Әрмен қарай «Skoda», «UAZ», «Renault» маркалары болып кете береді.

Бүгінде Қазақстан ресейлік «АвтоВАЗ» компаниясының негізгі экспорттық рыногына айналған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек қазір еліміздің жолдарымен 1,3 млннан артық «ВАЗ» көліктері ызғытып жүрген көрінеді. Өскеменнің іргесінде салынып жатқан жаңа зауыт, Қазақстандағы ресейлік көліктер санын тіптен ұлғайта түспекші. Толық циклді автомобиль зауытының келешектегі өндірістік қуаты – жылына 120 мың «ВАЗ» болмақ.

IMG_9316

«АвтоВАЗ» концернінің жаңа президенті Бу Андерссонның айтуынша 2016 жылға қарай жаңа зауыттан шығарылатын көліктердің көбі Қазақстанға, бір қатары сібірге сатылады екен. Бу мырзаның бұл айтқаны ВАЗ –қазақстандықтар мен сібір халықтарына ғана арналған автомобиль дегенге саятын болуы керек.

Былтыр танысымыз Лада Гранта сатып алды. Көліктің жалпы құны 1 млн 670 мың теңгеге түсіпті. Айына 60 мың теңге несие төлеп отырған көлігінен бір жылға жетпей жатып әр­түрлі ақаулар шыға бастаған.

– Қапталған темірі үлбіреп тұрған жұқа қаңылтыр екен, алда­жалда соғып алсаң қайта жөндеу дегенің қиынның қиыны. Ештеңеге қақпай, қурайға соқпай жүруің керек, – дейді ол.

Ал Өскемендегі техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде көлік жөндеуші шебер Ерасылдың айтуынша «Приора» автокөлігінің ең көп ауыстыруға тура келетін бөлшегінің бірі ол артқы серіппелі пружинасы. Мысалы көліктің артында үш адам отырса бітті шоңқиып қалады. Сондықтан такси жүргізушілерінің барлығы артқы пружиналарын алып тастап, орнына «Хонда­Аккордың» пружинасын салып алатын көрінеді. Алайда көлік бағасының қолжетімді болғанына қарамастан оның қосалқы бөлшектері тойото­камридің қосалқы бөлшектерінің бағасымен бірдей. Тіпті, кейбірі қымбат.., ­ дейді ол.

_DSC0768_500x336

Ресейдегі экономикалық жағдайлардан кейін көлік арзандап, халық автомобильдің нақты бағаларын да байқап қалғандай. Ресейлік АвтоВАЗ компаниясы ұсынған Lada Priora көлігінің ең қарапайым құрастырылымының құны 6 479 АҚШ долларын құраса, отандық БИПЭК АВТО саудалайтын дәл осындай көлік 7 430 долларға бағалануда. Дәл қазіргі бағаны білу мақсатында Өскемендегі диллерлерге бас сұқтық. Ол жердегі орташа жабдықталған «Приора» бағасы – 1 млн 490 теңге. Қалтамызда шытырлатып санап беріп сатып алатын қолма­қол ақшамыз жоқ.

Жүгінетін жеріміз әрине банктер. Мәселен, 1, 490 000 теңге тұратын «» көлігін «Альфа» банкі арқылы алу үшін бастапқы 10 пайызын, яғни, 149 000 мың теңге жарнасын салу қажет екен. Несиені 5 жылға береді. Ай сайынғы банк алдындағы борышыңыз – 40 961 мың теңге. Сондай­ақ «Еуразиялық» банктің де шарттары осыған ұқсас, ерекшелігі төлем уақытын 7 жылға дейін созуға болады. Енді өзіңіз есептеп көріңіз…

Ел арасында 6 пайызбен несиеге көлік сатады деген де әңгімелер бар. Мұның қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетер. Сонымен біз ой тастадық, ақыл таразысына салып ойлану өз еркіңізде.

Ажар Сағатбекова, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультеті