Венесуэланың валюта қоры жоғары қарқынмен төмендеп жатыр

543

Венесуэланың халықаралық қорлары 17,9 млрд. долларға дейін қысқарды — соңғы 12 жылдағы ең төмен көрсеткіш.

Венесуэла орталық банкінің деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері қорлар 26%-ға (6,4 млрд. доллар) қысқарды. Себебі ретінде мұнай бағасының күрт төмендеуі және экономикадағы жағымсыз процестердің күшеюі аталады. Қорлардың жұмсалуы соңғы 5 жылдағы ең жоғарғы қарқынмен өтті.

Мадура үкіметі төлем балансының тапшылығын ОБ қаражатының есебінен қаржыландыруға мәжбүр болды, себебі қажетті азық-түлік өнімдері мен медициналық дәрі-дәрмектердің ағыны тоқтап қалып, бұл елде күрделі азық-түлік дағдарысын тудырар еді.

Елдегі жағдайдың нашарлауы және ОБ қорларының көптеп жұмсалуы инвесторлардың қайтуына себеп болды, нәтижесінде Венесуэланың мемлекеттік облигациялар бойынша табыстылығы 26%-ға дейін жоғарылады.

Келесі жылы ел үкіметі мен PDVSA мемлекеттік компаниясы борышқорлық міндеттеме бойынша қамтамасыз ету ретінде 11 млрд. доллар төлеуі тиіс. Бұл жайт жағдайды одан әрі қиындатып оты, себебі ол мезгілде ОБ қорларында мұндай көлемдегі қаражат қалмауы да мүмкін.

Қазақстан ұлттық валюта бағамын қорғау үшін 17 млрд. доллар жұмсағандығы туралы жазған болатынбыз. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.