Вконтакте: Қош бол, маркетинг

554

«ВКонтакте» маркетинг бөлімін таратып жіберді. siliconrus.com-ның жазуына қарағанда таратылған бөлім қызметкерлері «серіктестермен қарым-қатынас» бөліміне жіберілген.

«ВКонтактенің» маркетинг бөлімінде алты адам қызмет атқарып келген. Әлеуметтік желінің маркетинг жөніндегі жаңа директорды жалдайтыны, бұл бөлімнің қайта құрылатыны туралы ақпарат жоқ.

Баспасөз қызметі мұны ішкі құрылымдық өзгеріс деп ақпарат беруден бас тартқан. Маркетингтің әлеуметтік желіге не үшін қажет болмай қалғаны түсініксіз.