Владимир Соболев Қазақстандағы Cisco бизнесін басқарады

13
Владимир Соболев
Фото: coindesk.com

Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – Владимир Соболев Қазақстандағы Cisco корпорациясының бизнес басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін аталған қызметті Дмитрий Шустер атқарды.

Жаңа лауазымда Владимир Соболев Cisco шешімдері мен технологияларын алға жылжытуды, серіктестік және дистрибьюторлық желіні дамытумен, сондай-ақ Қазақстандағы компанияның маркетингтік қызметін үйлестірумен айналысатын болады.

Айта кетейік, Владимир Соболевтің IT-саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар: Қазақстанда нарызында кәсіби тұрғыда 1995 жылдан бастап жұмыс істейді,осы уақыт ішінде ол техникалық командаларда да, клиенттермен жұмыс істеу, маркетинг және жобалық менеджмент бойынша командаларда да еңбек етті.