WhatsApp дыбыстық қоңыраулар қызметін іске қосты

WhatsApp дыбыстық қоңыраулар қызметін іске қосты

Смартфондарға арналған әйгілі WhatsApp қосымшасында жаңа қызмет түрі қосылды. Енді WhatsApp арқылы телефон қоңырауларын қабылдауға болады. Әзірге қосымша Android құрылғыларға лайықталып жасалып отыр.

WhatsApp сайтында 31 наурыз күні Android 2.12.19 операциялық жүйесіндегі телефондар үшін қосымшаның жаңа нұсқасы шықты. Орнату үшін Android 2.12.19 жүйесінде «қауіпсіздік» бөлімінде орнатуға келісім беруіңіз қажет. «Сіздің жеке мәліметтеріңіздің толық қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз», — деп ескертеді  Android жүйесінде белгісіз көздерден Google Play-ден қосымша орнатар кезде.

Әзірге Google Play-дің түпнұсқа дүкенінде WhatsApp-тың соңғы қоңыраулар қосылған нұсқасы жоқ.

WhatsApp арқылы қоңырау шалу әдеттегі қоңыраулар секілді жүргізіледі. Мессенжердің «қоңыраулар» бөлімінде жаңа қоңырау батырмасын басып, керек адамды тізімнен тауып, хабарласа аласыз.

Дыбыс қоңыраулары қосылған WhatsApp мессенжерінің iPhone және iPad планшеттеріне лайықталған нұсқасы бірнеше аптадан соң шығады деп хабарлайды қосымшаны жаасаушылардың бірі  Брайан Эктон (Brian Acton).