Xiaomi саусақ іздерін сканерлейтін компьютерлік тінтуір әзірледі

іздерін
Фото; runews24.ru

Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — Смартфон және өзге де гаджеттерді өндіретін қытайлық Xiaomi компаниясы саусақ іздерін сканерлейтін компьютерлік тінтуір жасап шығарды, деп хабарлады runews24.ru.

Компанияның баспасөз қызметі бұндай тінтуір компьютердің қауіпсіздік жүйесін күшейту үшін жасалғанын айтады.

Мұндай құрылғысы бар адамдар әдеттегі құпиясөздерден бас тарта алады. Себебі, жүйе биометриялық сәйкестендіру арқылы ашылу мүмкіндігіне ие.

Саусақ ізін анықтайтын сканер тінтуірдің айналдыру дөңгелегінің алдында орналасқан. Оның сенсорының ажыратымдылығы 1600 DPI.

Жаңа тінтуір Windows Hello және Windows 8.1-мен өзара әрекеттесе алады. Оның беріктігі 5 млн шертуге есептелген.

Алдын-ала жүргізілген ақпарат бойынша, бұл құрылғының құны 31 доллар. Айта кетерлігі, Xiaomi компаниясы мұндай тінтуірлер өндірісін іске қосу үшін ақшаны краудфандинг көмегімен жинайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!