Ұялы байланыс операторлары 180 миллиард теңгеден астам табыс тапты

69
байланыс
Фото: en.tengrinews.kz

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанда 578,9 млрд теңгеге байланыс қызметтері көрсетілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайыздан жоғары, деп хабарлайды Статистика жөніндегі комитет.

Комитеттің мәліметтері бойынша қалааралық және халықаралық телефон қызметтерінің көлемі 2017 жылдың 10 айында 24,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қазанындағы көлемінен 9,4 пайызға аз.

Жергілікті телефон байланысы қызметтерін ұсынған кезде компаниялардың табысы 34,2 млрд теңгеге (6,5 пайызға) төмен. Интернетке кеңжолақты қатынауға 188,9 млрд теңгеге (13 пайызға) көп және ұялы байланыс қызметтеріне 182,1 млрд теңгеге (тиісінше 0,9 пайызға) көп.

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес интернет желісіне (32,6 пайыз), ұялы байланысқа (31,6 пайыз), телекоммуникациялық қызметтерге (16,8 пайыз), жергілікті телефон байланысына (5,9 пайыз), қалааралық және халықаралық телефон байланысына тиесілі (4,3 пайыз).