Ыстықкөлге баратын жолда көшкін жүріп, жолды басып қалды

495

Ыстықкөлге баратын Боом шатқалында тау көшіп, жолды басып қалды. Бұл туралы «Вечерний Бишкек» газетінің сайты хабарлады.

Қазіргі кезде ТЖҚ мен полиция жолды жауып, Кемин аудандық жол-пайдалану басқармасы тазарту жұмыстарын жүргізуде. Көшкін салдарынан жолда кептеліс пайда болған. ТЖҚ-ы хабарлауынша кешкі 20.00-ге дейін жол жабық болуы мүмкін. Қырғызстанның ІІМ Жол патрульдік қызметінің басшысы Сергей Дьяченконың мәліметінше жолға құлаған тасты көшкіннің биіктігі 10 метрден асады.

ТЖҚ зардап шеккендердің жоқтығын, ешқандай тау көшкіні болмағанын, тек жол бойындағы көшкін тудыруы мүмкін қауіпті тастардан жоспарлы тазалау жүргізілгендігін айтады. Олар тазалау жұмыстары кеше басталған дейді.

Ал куәгерлер бұл маңда ешқандай жұмыстар жүргізілмегендігін, күндізгі 15.00 шамасында тау көшкіні болғанын жазуда. Бұл оқиғаға қатысты елдің премьер-министрі Темир Сариев жедел отырыс өткізіп, құзырлы органдарға жолды тазалауға тапсырма берді.

Оқиға орнында елдің Төтенше жағдайлар қызметі мен Көлік министрі жүр. Боом шатқалы ел астанасы Бішкектен Ыстықкөл облысы мен әйгілі демалыс орынына баратын жолдың 131 шақырымында орналасқан.

www.vb.kg