Қытай туроператорлары ЭКСПО-2017-ге 500 мың билет сатып алады

Expo-2017
Фото: tengrinews.kz

«ҚХР-ға 500 мың билет сату туралы Қытайдың жетекші үш туроператорымен келіссөз жүргізу аяқталуға жақындап қалды» деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов. Бұл туралы pm.kz сайты жазды.

«Бүгінгі таңда біз өзіміздің отандық туристік компаниялармен ЭКСПО-ға 74 мың билет сатып алу бойынша 5 шартқа қол қойдық. Енді ҚХР-ға 500 мың билет сатып алу туралы қытайдың жетекші үш туроператорымен келіссөз жүргізу аяқталуға жақындап қалды», — деді Е. Шорманов.
Оның айтуынша, теміржол тасымалдары бойынша жетекші компания – «Қазақстан темір жолы» ұлттық операторы да билеттерді сатып алу үшін шартқа қол қойған. «ҚТЖ бізбен 500 мың билет сатып алу үшін шартқа қол қойды және бұл темір жолға билет алатын адамдарға ЭКСПО-ға баратын билетті қоса алуға мүмкіндік береді», — деді Е. Шорманов.
Айта кетейік, Астанада XIII Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында панельдік сессия өткізілді.