Қытайда жаңа «ұлы қорған» салынады

Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz – Қытайда Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының маңайына «ұлы қорған» тұрғызылады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Жасанды бөгеттің құрылысы автономиялық ауданның периметрі бойынша жүреді. Ол халықтың қауіпсіздігі үшін жоспарланып отыр.

Айта кетейік, соңғы жылдары бұл аймақта жүздеген адам автономияда тұратын ұйғырлармен және Қытайдың 92 пайызын құрайтын хань халқымен болған қақтығыс салдарынан қаза тапқан.