Қытайдан бес күнде бір миллиардер шығады

650

UBS және PricewaterhouseCoopers зерттеу тобы 2015 жылы Азияда әр үш күн сайын бір миллиардер пайда болатынын және аталған аймақта шыққан миллиардердің 71 пайызы Қытайға тиесілі екенін анықтаған. 2009 жылы Қытайдың үлесі 35 пайыз еді. Бұл туралы businessinsider.com жазды.

Зерттеудегі деректерге сәйкес, өткен жылы миллиардер атағына жеткен 113 азиялық кәсіпкердің сексені Қытайдан шыққан. «Әлемдегі жаңа миллиардердің жартысынан көп бұл көрсеткіш Қытайда бес күн бір миллиардер пайда болады деген сөз», — дейді зерттеушілер.

Өткен жылдың қыркүйегінен бастап Қытай үкіметі инновациялық реформаға басымдық бере бастаған. «Кәсіпкерлік пен инновацияның дамуы университет студенттерінің қайдан шыққанына қарамастан олардың арасында таза бәсекелестіктің қалыптасуына әсер етеді», — деген еді премьер Ли Кэцян. Баяндама авторлары осы жағдай қытай кәсіпкерлерінің байлыққа тез жетуіне себепші болып отырғанын айтады.

Жаңа кәсіпкерлердің 19 пайызы — технология, 15 пайызы — қызмет көрсету мен сауда, 15 пайызы — жылжымайтын мүлік секторынан қосылған. Электронды коммерция да көтеріліп келе жатыр. Зерттеушілердің пайымдауынша, Қытайдың урбанизациялануы тұтынушылық шығынның артуына, ал ол кәсіпорындардың тез дамуына әсер етіп отыр. Өз кезегінде бұл ауқаттылар санының арттырды.

Қытайдан бөлек, Ганконг пен Үндістанда да миллиардерлер саны жылдам артып келеді. 2015 жылы олардың әрқайсына 11 миллиардерден қосылған. Ал Еуропада бақуаттылар саны 56 миллиардермен толықты. Ал америкалық ауқаттылар саны тұрақты: 41 адам миллиардер болса, 36-сы ол статустан айрылып қалған.