Қытайдың Орталық банкі ел экономикасына 22 млрд доллар құйды

579

Қытай Халық банкі елдің қаржы жүйесіне 140 млрд юань ( 22 млрд доллар) қаржы құйды. Бұл туралы қытайлық реттеуішке сілтеме жасап, ТАСС  хабарлайды.

Ақша қаржылай ұйымдарға қысқамерзімді несие түрінде, 2,3 пайызбен 6 күнге берілді. Бұл — осы аптада қытайлық реттеуіштің экономиканы қолдау үшін жасап отырған екінші шарасы.

ҚХР Орталық банкі азиялық қор нарығы құлдырағаннан кейін нарықты құтқару үшін арнайы бағдарламаны іске қосты. 26 тамызда негізгі қытайлық индекс Shanghai Composite сауда кезінде 1,3 пайызға түсті. Ал 25 тамызда ол 7 пайызға дейін төмендеген еді. Айдың ортасынан бері Shanghai Composite жалпы 20 пайызға дейін құлдырады.

Қытайлық экономикадағы проблемаға қор нарықтарының жаһандық құлдырауы және мұнай бағасының төмендеуі себеп болды. Аталған факторлар рубльдің әлсіреуіне де әсер етті. 24 тамызда американдық доллардың рубльге қатысты бағамы 71,65 рубльге, еуропалық валюта 83,63 рубльге көтерілді.