Қытайлық Стив Джобс – Xiaomi қалай пайда болды

627
Xiaomi
Лэй Цзунь. Фото: xiaomi.com

Xiaomi компаниясының негізін қалаушы Лэй Цзунь әлемдегі ең табысты технологиялық корпорациялардың бірін құрды. Өз бизнесін iPhone-ның көшірмесін жасаудан бастаған Лэй қазіргі уақытта Apple-дің шынайы бәсекелесі.

Фото: xiaomi.com

Бірінші брендтің атауынан бастасақ. Себебі компанияға қатысты ең үлкен қиындық және дау-дамай оның атауына байланысты туындады. Көбі оны әртүрлі айтады, дегенмен дұрыс нұсқасы Сяоми. Екпін соңғы буынға түседі.

Атаудың дұрыс айтылуын білгеннен кейін, компанияның тарихы жөнінде сөз қозғауға болады. Xiaomi 2010 жылы 6 сәуірде тіркелген. Оның штаб-пәтері Пекинде орналасқан. 1992-2000 жылдар аралығында Kingstone  компаниясында жұмыс істеп жүрген Лей Цзюнь үлес қосты. Оның қызмет жолы қарапайым инженерден компанияның бас директоры дәрежесіне дейін өскен. Лей Цзюнь үнемі стартаптарға қызығушылық білдіретін және өзінің жобасын жасауда бірнеше сәтті бастаулар жасаған. Олардың ішінде yy.com видеосервисін және Vancl.com интернет дүкендерін атап өтуге болады. Осы аталған жобалардың табысты болуына байланысты Xiaomi-ді құрғанға дейін ол миллиардер болатын. Өзінің жеке өнімін шығару үшін Лэй Цзюнь жұмысқа өте перспективті және электроника саласында қалыптасып өз орындарын тапқан мамандарды алды. Олардың санына Google және Microsoft жергілікті бөлімшелерінің өкілдері кіреді. Бастапқы кезеңде компанияның инвесторлары әртүрлі қытай және сингапур елдерінің венчурлық қорлары мен Qualcomm процессор шығаратын өндірушілер болды.

Лэй Цзунь. Фото: xiaomi.com

2010 жылдың 16 тамызында Xiaomi Android негізінде өзінің алғашқы MIUI бағдарламалық жасақтамасын шығарды. Оның атауы екі бөліктен тұрады MI және UI. Бірінші бөлімдегі сөздің мағынасы Mobile Internet  (мобильді интернет) немесе Mission Impossible миссия орындалмайды дегенді, ал екіншісі User Interface (пайдаланушы интерфейсі) дегенді білдіреді.

2011 жылы компания Xiaomi брендті алғашқы смартфонын шығарды. Бұл Xiaomi MI1 моделі болатын. Сондай-ақ модель Xiaomi Phone деген атаумен танымал болатын. Ол диагоналі 4 дюймді, 854 Sharp дисплейінен жасалған, Qualcomm Snapdragon екі ядролы процессоры, 1,5 ГГц S3 жиілікті. Сонымен қатар, 2 ГБ жедел картасы және Adreno 320 графикалық процессоры бар. 2013 жылы 24 қыркүйекте Xiaomi соңғы 11 ай ішінде 10 миллион Xiaomi Mi2 сатылғаны жөнінде хабарлайды. Mi2 смартфондары өте танымал болды. Ол Австралия, Европа, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания және АҚШ алып сатарларымен сатылды. Қытай шекарасынан тыс жерлерде ресми сатылымдар кейін басталды.

Xiami MI1. Фото: xiaomi.com

2013 жылы компанияның  вице-президенті қызметіне бұған дейін 5 жыл көлемінде Google –де Android бөлімшесінде баспасөз хатшысы қызметінде жұмыс істеген Хьюго Барра келді. Xiaomi-дің танымалдығының артуын Хьюго Барраның келуімен компанияның байланыстырады. Дегенмен, 2017 жылы ол компаниядан кетеді.

Хюьюго Барра. Фото: xiaomi.com

2013 жылы 5 қыркүйекте Xiaomi-дың бас директоры Лэй Цзюнь Android негізінде 47-дюймді 3D-интерфейсі бар Smart TV шығаруға жоспары бар екенін айтты. Өнім тайваньдық Wistron Corporation компаниясымен өндіріледі.

Осы күні Xiaomi Mi3 смартфоны шығарылатыны жөнінде де хабарланды. Жаңа смартфонға жиілігі 2,3 ГГц Snapdragon 800, Adreno 330, 2 ГБ жедел картасы, 16 немесе 64 ГБ орнатылған жады картасы және 3050 мАч аккумуляторы орнатылған. Жаңа смартфонның мақтанышы 5-дюймді FullHD-дисплейі болды. Компанияның мәліметінше, 2013 жылы барлығы 18,7 млн, ал 2014 жылдың басында 26,1 млн смартфон сатылды.

Xiaomi MI 3. Фото: xiaomi.com

2014 жылы Xiaomi Қытай шекарасынан тыс жерлерге кеңейетіні жөнінде хабарлайды. Бірінші таңдалған ел – Сингапур болды. Аймақта арнайы өнімнің таралуын және компанияның қызметін  бақылайтын бөлімше ашылды.

2014 жылы 17 наурызда HongMi Note  атауымен белгілі RedMi Note фаблеті ұсынылды. Ол екі нұсқада шығарылды. Негізгі ерекшелігі 1Гб және 8Гб жадысында.

Агенттіктің мәліметінше, IDC нарығын зерттеудің нәтижесінде 2014 жылы Xiaomi смартфон шығаратын ірі өндірушілер арасында 3 орынға ие болды.

Фото: xiaomi.com

2015 жылы Xiaomi өзінің өнімдерін Үндістанның екі ірі электронды коммерция сайттарында және офлайн-дүкендерде ұсынатындары жайында хабарлайды.

2015 жылы 15 маусымда компания Бразилияда RedMi 2 смартфонын өндіріле бастайды. Смартфондар Қытайда жиналмайды және Азияда сатылмайды – бұл тарихтағы алғашқы жағдай. Яғни ол компания географисының кеңеюі жөніндегі жоспарды ақиқаттайды.

2016 жылы компанияның жаңа смартфондар шығарылымын жалғастырды.  Оның ішінде Mi5, Mi5S және компания үшін жаңа екі смартфон 6,4-дюймді Mi Max және Mi Mix.

Компания смартфондар ғана өндірмейді

Фото: xiaomi.com

Xiaomi бренд атауымен экшен-камералар, бақылау камералары, роутерлер, құлаққаптар, шамдар, тонометрлер, киім, рюкзак, сымдар, гироскутерлер, ноутбук, планшеттер, сыртқы аккумулятор, фитнес-трекерлер, ауа сергітушілер, квадрокоптерлер шығарылады. Бұл шығарылатын тауарлардың толық тізімі емес. Аталған тауарлардың барлығы осы компанияның мамандарымен жасалмаған. Көп тауарлар бірлесіп немесе серіктес ретінде құрастырылып шығарылған. Тауар Xiaomi бренд атауымен шығарылғанымен түскен пайда екі жаққа тең. Компания өз жұмысын нөлден бастады, қазіргі уақытта табысы 20 миллиард долларды құрап отыр. Лэй Цзюнь Forbes журналының мәліметі бойынша әлем бойынша ең бай адамдардың ішінде 23 орынды иеленеді. Компанияда 8000 адам жұмыс істейді. Бренд Қытай, Малайзия, Үндістан, және Сингапур елдерінде артықшылыққа ие.

Xiaomi-дің табысқа жету сыры

Xiaomi компаниясының стратегиясы нарықта мобильді технологиялармен айналысатын әріптестерінен ерекшеленеді. Алғашқы 2 жылда Xiaomi Mi One бірінші смартфоны шыққан кезде бағасы өзіндік құнынан 20-30 долларға ғана ерекшелікпен сатылды. Алғашқы смартфондардың бағасы 300 доллар болған. Кірістің негізгі көзі ретінде аппаратың өзін емес, цифрлі құрамалары негізге алынды.

Қолжетімділігі. Компания қатардағы қолданушымен байланысқа үнемі ашық. Ал брендтің тұрақты тұтынушыларына жаңа шыққан өнімге бірінші болып қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Пиар-менеджер=тұтынушы. Компанияның жаңа өніміне пиар жасау көп қажеттілікті талап етпейді. Оған әлеуметтік желі мен микроблок сервистерін қолданушылар болса жеткілікті.

Үнемі қолдау. Xiaomi даму барысында опреациялық жүйені алға қойса, қазіргі уақытта Лэй Цзюн осы ұстанымды ұстап келеді.

Еңбексүйгіштік. Лэй Цзюн үшін аптасына 40 сағаттық жұмыс қисынсыз. 45 жасар миллиардер әлі де аптасына 100 сағаттан кем емес жұмыс істейді. Мұндай еңбектің нәтижесін Xiaomi компаниясының акция құнының  жоғарылауынан байқауға болады. 

Xiaomi бізді қалай алдап жүр немесе мұндай қытай өнімінің не үшін керегі жоқ?

Өздігінен жүктеледі.

Ол айына, аптасына бір рет өздігінен қайта жүктеліп отырады. Мұндай мәселе көп модельдерде байқалады. Баптауды бастапқы режимге ауыстыру көмектеспейді.

Мұндай аккумулятор үшін автономды жұмыс мүмкін емес

Mi4i көп жүктемесе максимум бір күнге жетеді. Егер үнемі сөйлесіп жүрсе қуаты кешкі сағат 8-ге дейін ғана жетеді. Бұл батареяның үнемдеу режимінде тұрған кезіндегі көрсеткіш.

Сонымен қатар, iPhone 6S Plus телефонының аккумуляторынан 10 пайыз артық 3120 мАч аккумулятор тұрғаны сенімсіздік ұялатады. Оның аккумуляторы бірнеше сағаттың ішінде нөлге дейін төмендеп кетті.

Смарт жылдам жұмыс істейтін әсер ғана қалдырады.

MIU-дің үлкен артықшылығы ол интерфейсті жатық әрі жылдам етіп көрсетеді. Ол iOS-қа тән қасиет. Бірақ көлемі үлкен қосымшаларды ұзақ уақыт пайдаланған данемесе Google Play-ден көшіру кезінде девайс бірнеше секундқа қатып қалады.

Әрбір модельдің алуан түрлі нұсқалары мен модификациялары көп

Егер сіз бастапқыда iOS қолданушысы болып, кейіннен Xiaomi-ге ауыссаңыз сізге жаңа механизмге үйрену қиындау болады. Телефонға Азия сайттарынан тапсырыс беру арқылы, сіз бір модельдің сан түрлі нұсқасының біріне ие боласыз. Оның процессорында, оперативті жадының көлемінде, экранының сапасында, жалпы алғанда дизайнынан басқа барлық аспектілерінде айырмашылықтар болуы мүмкін. Бірақ модельдің атауы бірдей болады.

Одан бөлек, ең үлкен проблема – телефондардың әр түрлі нарыққа арналғандығы. Біреуінде орыс тілі немесе ағылшын тілі болады, біреуінде болмайды. Көбіне радио да жоқ болып шығады.

Қытай аппараттарында оның жадын толтырып тұратын көптеген қажетсіз софттар болады

Бұл кемшілік көптеген Android смартфондарында кездеседі. Дегенмен басқа компаниялар флагмандардағы бұл олқылықтың орнын толтырып жатыр. Девайстардың әрқайсында дерлік Clean Master «тазалағыш» құралы орнатылған. Ал Xiaomi болса, бұрынғыдан да басқа қоғаныш және бұғаттау бағдарламаларын көбейтіп жатыр.