Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2774,6 мың долларды құрады

1270
ЕАЭО
Фото: kapital.kz

Қызылорда. 25 наурыз. 7kun.kz – 2016 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 2774,6 мың АҚШ долларын құрады. Бұл туралы облыс статистика комитеті хабарлады. 

2016 жылғы көрсеткіш 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 4,4 %-ға аз, соның ішінде экспорт – 1058,4 мың АҚШ доллары (48,1%-ға көп), импорт – 1716,3 мың АҚШ доллары (21,5 %-ға аз).

Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (тұз – 43,2% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне, табиғи құмдар – 5,4%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар (күріш – 31,6%, жас немесе мұздатылған балық 0,8%), пластмассадан жасалған құбырлар – 18,9 % құрады. ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 25,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18,7%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (27,4%), мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар (11,9%), тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары (10 %), минералды өнімдер (0,5%), ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары (2,1%) әкелінді.

Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

млн АҚШ доллары*

2016 жылғы
қаңтар
2015 жылғы
қаңтар
%
Барлығы 2774,6 2901,6 95,6 
экспорт 1058,4 714,5 148,1
     Ресей 1001,4 714,5 140,2
     Қырғызстан 57,0
импорт 1716,3 2187,1  78,5
     Ресей 1704,0 2171,8 78,5
     Беларусь 15,3
     Қырғызстан 12,3
*алдын ала деректер.