Заңсыз әкелінген көліктердің барлығы мемлекеттік тіркеуден шығарылады

Заңсыз
Фото: avtozakony.ru
Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитеті Қытай Халықтық Республикасы (ҚХР) шығарған жүк көліктеріне қатысты заңсыз берілген көлік құралдары құрылымының қауіпсіздігі туралы куәліктерін тексеру бойынша белсенді жұмыс атқарды деп хабарлайды ИЖД министрлігінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 290 автомобильге заңсыз берілген куәліктердің күші жойылды. Бұл автомобильдер шұғыл түрде жол полициясы органдарындағы мемлекеттік тіркеуден шығарылды.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған куәліктерді берген «Автоцентр-Нурсан» ЖШС сынақ орталығының аккредиттеу аттестаты кері қайтарылып алынды.

Қытайда жасалған Евро-3, Евро-2 экологиялық класты жүк автомобильдеріне «Автоцентр-Нурсан» ЖШС сынақ орталығы Евро-4 экологиялық класты дәлелдейтін куәліктер бергені тексеріс кезінде анықталды.

Автомобильдердің сәйкестендіру нөмірі мен (VIN) 290 куәліктің тізімі  Қазақстан заңына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің Әкімшілік полиция комитетіне жіберілді.

Комитет осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес Кеден одағына мүше-мемлекеттер өздерінің заңды мүдделерін қорғауды басшылыққа ала отырып, техникалық регламенттің талаптарына сай келмейтін өнімді өз нарығына өткізбеу шараларын жасайды. Осы мақсатта Кеден одағына мүше-мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес техникалық регламенттің объектісіне жататын айналымдағы көлік құралдары мен оның компоненттеріне мемлекеттік бақылау жүргізеді. Кеден одағына мүше-мемлекеттердің мемлекеттік бақылау органдары техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын сот тәртібінде ықтиярсыз қайтарып алуға құқылы.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелінген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін барлық көлік құралдары жол полициясы органдарындағы мемлекеттік тіркеуден шығарылады.

2017 жылы қырғызстандық жүк көліктері 1376 рет заң бұзғандығы белгілі болды.