Заттар интернеті: неге пайдалануымыз және неден қорқуымыз керек?

Фото: uxmag.com

Шетелде журналист және жазушы Сэмюэль Грингардтың «Заттар интернеті: болашақ осы жерде» атты кітабы жарық көрді. Кітап қазіргі мен болашақтың басты тренді туралы толығырақ түсіндіріп, оның артықшылықтары мен қауіптері туралы кеңінен баяндайды. 

Заттар интернеті деген не?

«Заттар интернеті» деген тіркесте «зат» деген ұғым интернетке және сол арқылы бір-біріне қосылатын кез-келген бұйымды білдіреді. Бұл кез-келген нәрсе болуы мүмкін: компьютер, планшет, смартфон, фитнеске арналған құрылғы, лампа, есік құлпы, ұшақтың қозғалтқышы және т.б. Яғни оларды бір-бірі арқылы немесе интернет арқылы басқаруға болады.

Бұл құрылғылардың әрқайсысының уникал сәйкестендіру коды және ІР-мекен-жайы болады. Бұл объектілер арнайы бауға, сымға немесе сымсыз байланысқа қосылады. Қандай байланыс түріне жалғасқанына қарамастан интернет заттарды басқа бөлмеден немесе әлемнің басқа түкпірінен басқара алатындай мүмкіндігіңіз бар.

Cisco Systems бағалауынша, 2014 жылдың сәуірінде әлемдегі  интернетке қосылған, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 50 млрд-тан асуы мүмкін. Компания мәліметі бойынша, қазіргі уақытта әрбір секундта жүзге жуық «құрылғы» интернетке қосылады.

Әрине, тұрмыста пайдаланатын кез-келген затты интернетке қоспастан бұрын инженер, дизайнер және құрастырушылар қауіпсіздік мәселесі бойынша көптеген сұрақтардың жауабын табуы қажет. Әсірес, өндірістік құрылғылар, денсаулық сақтау және транспорт тәрізді сфераларда жүйелік қауіпсіздік проблемасы бірінші орында тұр.

Заттар интернетінен қандай қауіп бар?

Сауалнамаға қатысқандардың 92%-ы интернетке қосылатын құрылғылар арқылы ақпарат жиналуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Хакерлер автомобиль мен видеокамералар тәрізді көпшілік құрылғыларды бұзуды үйренген. Соңғы 2-3 жылда тіпті радио-тәрбиешілерді бұзып, ұйықтап жатқан балаға сөйлеген оқиғаларды тіркелген.

Заттар интернетін пайдалы және кері мақсатта да қолдануға болады. Қылмыскерлер мен террористердің дрондарға қол жеткізіп, бақылау және шабуылдау үшін пайдаланатындай мүмкіндіктері бар. Видеокамераны немесе Google Glass жүйесін бұзып, бір адамның немесе тұтас отбасының не істеп жатқандығын көруге болады. Ас үйдегі үстелде немесе жұмыс үстелінде қалдырып кеткен кез-келген құжатқа жария болуы қаупі төнуі мүмкін.

Интернет дауірінде кез-келген мамандық иесінің мүмкіндіктері екі есе көбейеді. Тәніңізге салынған микроскопиялық датчиктер немесе білегіңіздегі қосымша құрылғылар арқылы толыққанды диагностикалық ақпарат алынады. Дәрігерлер науқастың жағдайын анықтап, шынайы уақытта науқастың ауруын бақылап, соған байланысты дәрі тағайындай алады. Мұндай датчиктер арқылы жүрек талмасын, инсульт және қатерлі ісіктің алдын алуға болады. Бірақ барлығы да әлемдік жүйеге қосылуды талап етеді, ал бұл трендтен тыс қалғандарға ескі бірақ тиімділігі төмен тәсілдерді қолдануларына тура келеді.

Қажетсіз, керегі жоқ құрылғылар да пайда болады, бірақ олар тез шығып, тез жоғалып кетіп отырады. Бірақ біздің өміріміздің сапасын арттыратын жоғары технологиялық жүйелер мен шешімдер саны арта түседі.

Индрустрианландыру кезіндегідей бірі жұмыс орнынан айырылып, кейбір мамандықтар маңызынан айырылады. Бірақ жаңа жоғары білікті қызметтер де пайда болады. Үлкен буын үшін «интернетке қосылған әлем» үлкен қысым болуы мүмкін, бірақ өзгелер үшін ол энергия және шабыт көзіне айналады. Қандай-да бір жаңа технология дүниеге келгенде оның артықшылығы мен кері тұстары болатыны сөзсіз, тек уақыт өте келе оның біз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінетін боламыз.

Алдағы 15 жылда не күту керек?

Смартфондар дәм мен иісті ажырата алатын болады. Телефондар иесі театрда отырғанда немесе ұйықтап жатқанда өздігінен дыбыссыз режимге қосылып қана қоймай, бізге үлкен мүмкіндіктер таңдауын ұсынады. Температура және ылғалдық датчигі орнатылған смартфон біздің ағзамыз туралы барынша дәл ақпарат береді, ал метерологтар ауа-райын қазіргіге қарағанда жақсырақ болжай алады.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұзылған ет пен басқа да азық-түлік өнімдерін уақытында ажырата алады. Егер өнімдердің қаптамасында зиянды қоспалар болса, фабрикалар мен дүкендер іске жарамсыз тауарлар партиясын сөрелерден алып тастап, оның таралу қаупінің алдын-алуға болады.

Арзан датчиктер мен қарапайым микроэлектроника арқылы кез-келген нәрсе интернетке қосылады. Олар сүт пакеті немесе көшелер, көпірлер мен транспорт, ағаш, медициналық құрал-жабдықтар болуы мүмкін.

Аяқ астынан смартфон көмегі арқылы кір жуатын машинаны немесе гараж есігін басқаруға немесе есік құлпының кодын өзгертіп, уақытша құпия сөз қоюға болады. Алдағы бірнеше жыл ішінде дүкендер өзгеріске ұшырап, кассалық терминалдар жоғалады. Планшет және смартфон арқылы көбірек төлем жасалады.

Инженерлер, өнім құрастырушылар, бағдарламашылар және басқалары ақпарат базасы мен сараптамалық жүйелердің ең үздік модельдерін құрастырғанда біз әлемнің қалай өзгеретінін көреміз.

Смартфон оны сөмкеде немесе қалтада ұмытып кеткенін немесе адамның ұшаққа кешігіп, жүгіріп бара жатқанын сезіп, автоматты түрде баптауларын өзгертіп, дыбысы режимін сол жағдайға сай реттеп қояды. Киімге, аяқ киімге немесе басқа да материалды объектілерген тігілген датчиктер адамның жүрек қағысын, тер шығару деңгейін, калорияны жою жылдамдығын және өзге де көрсеткіштерін анықтай алады. Осы мәліметтер арқылы спортшыға қай уақытта су ішіп немесе энергетикалық батон жеу керектігіп біліп, ескертіп отырады.

Экономикаға қалай әсер етеді?

Мұның барлығы бизнеске қалай әсер етеді? Жаһандық McKinsey институтының бағалауынша, интернет заттардың экономикалық ықпалы арқылы 2025 жылы 14 трлн доллардан 33 трлн долларға дейінгі аралықтағы қаржыны үнемдеуге болады. Интернет заттар өндіріс пен коммерциялық сферадағы негізі табыс көзі болады.

Цифрлық төлем құралдары базар мен супермаркетке дейінгілердің барлығын өзгертеді. Мысалы, iPhone немесе iPad-қа жалғанған Square тәрізді құрылғы касса терминалының ролін атқарады. Сатушы банк картасын осы құрылғыдан өткізсе болғаны, бағдарлама транзакцияны өзі орындайды. Бұл жүйе арқылы тұрақты сатып алушы картасын енгізудің де қажеті жоқ. Дүкендердерге бару, сауда жасау автоматты түрде тіркеліп отырады. Барлығын смартфондағы қосымшадан көріп отыруға болады. Тек Square ғана емес Paypal, Intuit және басқалары да осы ретпен жұмыс істейді.

Дамыған елдерде де, дамушы елдерде де интернет заттар революция жасайды. Яғни ақылды автомобильдерден бастап жаңа медициналық жүйеге дейін коммерциялық қосымшалар легі пайда болады. Интернет заттар әлем картинасы өзгертіп, жаһандық автоматтандырудың басы болады. Қоршаған ортамен қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ұсынады. Бұл біздің өмірімізді толықтай өзгертеді. Жоғарыда айтылғандардың көпшілігі футурустикалық және қол жетпестей болып көрінгенімен, алдағы 20 жылдықта біз таңғажайып өзгерістердің куәсі боламыз.