Өзбекстандағы Президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді

Ташкент. 10 қыркүйек. 7kun.kz — Өзбекстанның Президентін сайлау 2016 жылдың 4 желтоқсанында өтеді. Мұндай шешім мемлекетің сайлау орталығының жұма күнгі отырысында қабылданды, деп хабарлайды РБК.

Өзбексстан Президентінің орны мемлекет басшысы Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін бос қалды. Айта кетейік, Өзбекстан билігі 2 қыркүйек күні Ислам Каримовтың қайтыс болғаны туралы ресми түрде мәлімдеді.

Өзбекстанның Конституциясына сәйкес, мемлекет басшысы өз міндетін атқара алмаған жағдайда жаңа президентті сайлау үш ай ішінде өткізілу керек. Сондай-ақ, Президент міндетін уақытша атқару сенат төрағасына жүктеледі. Сондықтан Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев атқаратын болған. Алайда кейбір дереккөзге қарағанда, Нигматулла Юлдашев бұл лауазымнан өздігінен бас тартқан соң, премьер-министр Шавкат Мирзияев президенттің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған.