Өзбекстандық инвесторлар Қазақстандағы зауытты іске қосуға көмектеседі

зауыт
Фото: discover.rbcroyalbank.com

Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz – Түркістан облысында мақта өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде.

Өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, кәсіпорын Шардара ауданында орналасқан. Толық қуаттылыққа 2021 жылы шығады.

«Құны 896 млн теңге болатын жоба жылына 20 мың тонна өнім шығаратын болады. Соманың 30%-ын Өзбекстаннан келген инвестор салды», — деп қосты ведомстводан.

ТМД және Еуропа елдеріне 3,6 мың тонна мақта экспортталады деп жоспарлануда. Алғашқы жеткізілімдер 2020 жылы күтілуде.