Зейнеткерлер 1 қазанда метромен тегін жүретін болады

500

2015 жылдың 1 қазанында зейнеткерлер метромен тегін жүре алады. Бір жолғы акцияны «Метрополитен» КМК Дүниежүзілік қарттар күніне орай ұйымдастырып отыр. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл күні таңғы сағат 6:00-ден бастап, кешкі сағат 23:00-ге дейін метрода тегін жүре алады.

Жол жүрісін рәсімдеу үшін зейнеткерлер өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжатты немесе зейнеткер куәлігін алып жүрулері тиіс. ҚР ер адамдардың зейнетақыға шығатын жасы — 63 жас, әйел адамдарда — 58 жас.
Естеріңізге сала кетсек, «Дүниежүзілік қартты күні» 1990 жылдың 14 желтоқсанынан бастап тойланып келеді. Бұл бастаманы ұсынған БҰҰ Бас ассамблеясы еді.