Зейнеткерлерге несие беріле ме?
Сәуле Әділбекова, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында зейнеткерлерге несие тек Халық банк, Каспи банк және Хоум кредит банкте беріледі.
Халық банктен несие 70 жасқа дейінгі зейнеткерлерге 9 айдан 4 жылға дейін 20% шамасындағы сыйақы мөлшерлемесі бойынша тек ұлттық валютада беріледі. Алуға болатын несие сомасы — 150 мың теңгеден 4 млн теңгеге дейін.
Ал Каспи банкте несие 21 жастан асқан барлық тұлғаларға беріледі. Зейнеткер жасындағы тұлға несие алуға өтініш берген жағдайда оның несие тарихы, зейнетақы мөлшері тексеріледі. Берілетін несие көлемі — 20 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін. Ал пайыздық мөлшерлеме тұлғаның кірісіне байланысты 17,99%-дан 26,99% аралығында.
Банк Хоум Кредитте зейнеткерлерге несие 75 жасқа дейін беріледі. 300 мың теңгеге дейін несие алып, 6 айдан 9 айға дейін бөліп төлеуге болады.