7 дерекТаңдаулы1

Жұмысқа орналасу үшін әңгімелесуден өтуге көмектесетін 7 әдіс

Әңгімелесу — жұмыс берушінің алдында өз-өзіңді жақсы қырыңнан көрсетуге арналған үлкен мүмкіндік. Назарларыңызға әңгімелесуден сүрінбей өтуге көмектесетін 7 әдісті ұсынамыз.

  1. Компанияның қызметімен танысып шығыңыз 

Егер жұмыс істегіңіз келетін компанияңыздың қызметі туралы шағын мәлімет білсеңіз, жұмыс берушінің көңілінен шықтыңыз деген сөз. Сондықтан әңгімелесуге бармас бұрын жұмыс беруші жайлы барлық ақпаратты оқып шығып, мүмкін болса, оның өмірбаянымен танысып шығуға кеңес береміз. 

  1. Талғамыңыздың жоғары екенін көрсетіңіз

Маңызды кездесуге баратын болған соң, сәйкесінше сәнді әрі ұқыпты киінгеніңіз жөн. Компанияның дресс-кодын білмесеңіз де, сізбен әңгімелесетін адамның көңілінен шығу үшін классикалық стильде киінуге кеңес береміз. Сондай-ақ әңгімелесу кезінде сіздің сөйлеу мәнеріңізден бөлек, өзіңізді дұрыс ұстай білуіңіз, жақсы қасиеттеріңізді көрсету де маңызды рөлді ойнайды. Сондықтан сұхбат алушының қолын жақсы қысып, көзіне тура қарап әңгімелесіңіз. 

  1. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз

Ең бастысы сұхбат кезінде қобалжымай, саспай, жұмыс берушіге өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетуге тырысыңыз. Егер талапты, адамдармен тез тіл табысып кете алатын тұлға болсаңыз, осы қабілеттеріңізді атап өткеніңіз абзал. Көбінесе, жұмыс берушілер әңгімелесу кезінде үміткердің өзін-өзі ұстауына, қысылмауына үлкен мән береді. 

  1. Сұрақтар қойыңыз

Егер сіз жұмыс берушіге оның қызметі, компаниясы жайлы сұрақтар қоятын болсаңыз, оның, яғни сұхбат алушының өзіңізге деген қызығушылығын арттырасыз. Ол сіздің қандай сұрақтар қоятыныңызға байланысты әңгімелесуге қаншалықты дайындалып келгеніңізді байқайтынын білгенініңіз жөн. Әңгімелесу алдында қоятын сұрақтар тізімін дайындаған дұрыс.

  1. Өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетіңіз

Білім алу кезіндегі және жұмыстағы тәжірибеңізді жасқанбай айтуға кеңес береміз. Жұмыс берушіні сіздің бұрын жұмыс істеген компанияға қандай үлес қосқаныңызды, қандай жетістіктерге жеткеніңіз қызықтырады. Егер өз еңбегіңізді адал бағаласаңыз? жұмыс беруші де оны назарынан тыс қалдырмайды. 

  1. Нақтылаңыз

Егер сұрақты түсінбесеңіз, оны қайтадан сұрауға қысылмаңыз. Сізден нақты нені сұрап жатқанын білсеңіз, сұраққа да дұрыс жауап бере аласыз. 

  1. Кері байланыс орнатыңыз

Сізбен сұхбат алушы адамға алғыс айтып, міндетті түрде оның нөмірін өзіңізге жазып алыңыз. Сондай-ақ сұхбаттан кейін оның поштасына шағын ғана хат жазып жібергеніңіз дұрыс. Жұмыс беруші хатыңызды оқығаннан кейін, компанияға деген қызығушылығыңызды бағалап, басқа үміткерлерден сізді таңдауы әбден мүмкін. 

Дереккөз: Hipo.kz

Tags

Осы айдарда

Close