Жұмысқа тұрғанда банк картасын жаңадан ашуды талап еткені дұрыс па?

463
2019
фото: dpchas.com.ua
Сұрақ: Жаңа жұмысқа орналасқанда жалақы түсіру үшін сол кәсіпорынның серіктес банкінен жаңа банк картасын ашуды талап етеді. Қайта-қайта банк картасын аша беру артық жұмыс. Өзімдегі банк картасына жалақы түсіруді талап ете аламын ба?

Жауап: Қайырлы күн! Қолыңызда бар банк картасын жаңа жұмыс орныңызда жалақы алу үшін пайдалана аласыз. Бірақ, жаңа жұмыс орныңыздағы бухгалтерияға бұл артық жұмыс болады. Өйткені барлық адамға бір тізіммен құжат толтыруы, сізге бөлек толтыру қажеттілігі туады. Сондықтан мекемелерде бір банктің  жалақы картасы болғанын қалайды. Сондықтан, жаңа банк картасын аштыруға тырысады. Егер мүлдем ашқыңыз келмесе қолыңыздағы банк картасына аударуды талап ете аласыз.

Осы тақырыпқа ұқсас 7kun.kz сайтындағы қосымша материалдар тізімі:

  1. Банктердің кредит бойынша артық комиссияны қайтарып беріп жатқаны рас па?
  2. Банктер кредит берген кезде қандай комиссия алады?
  3. Банктің жалақы картамды бұғаттап тастағаны дұрыс па?