Жаңа жылдағы дін сұрағы

502
дін

Біз жаңа 2017 жылға басқанымызда, қоғамдағы діннің рөлі туралы бұрыннан келе жатқан пікірталас бірінші кезекке келді. Ол діннің қаншалықты саяси легитимділік, қоғамдық ережелер және жеке бас қасиеттерін анықтау керектігін айқындауына бағытталған.

Діннің әлеуметтік рөлі Таяу Шығыстағы елеулі проблема болып табылады. Бірақ қазір бұл тақырып, сондай-ақ Еуропада көбінесе мұсылман болып табылатын босқындардың ағыны салдарынан шиеленісіп, және Америка Құрама Штаттарында жаңадан сайланған Президент Дональд Трамптың сайлау науқаны исламшыл радикализм туралы қауіпті күшейтіп отыр. Соңғы онжылдықта қарулы исламизнің өрлеуіне орай, Батыста көптеген адамдар ислам шын мәнінде әртүрлілікке қарсы ма, яғни ол міндетті түрде «өзгені» қабылдамайды ма, және сондықтан зайырлы заманмен сыйыспайды деп сұрақ қояды.

Бұл пікірталастың, атап айтқанда, еуропалық және американдық мұсылмандар үшін алыс-жетіп салдары бар. Көптеген, Батыс, әсіресе Еуропалық бақылаушылар шіркеу мен мемлекеттің (немесе мешіт және мемлекеттің) бөлінуі діннің қоғамдағы салауатты рөл атқаруын қамтамасыз ету үшін аса маңызды деп санайды. Осы тұрғыдан алғанда, дін, қоғамдық аядан тыс философиялық және этикалық негіз болып табылады; ол саяси, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік заңдардан тыс жеке таңдау мәселесі.

Бірақ бұл тұрғы негізінен Батыстың жекелеген бөліктерінде иудаизм мен христиан эволюциясы ықпалынан туындаған. Бірақ ол Ислам әлемінде, әсіресе, Азия қоғамдардарында қабылданбайды, себебі ол жерде адамдардың өміріндегі діннің орны туралы мүлдем басқа түсінік бар.

Адамдардың көпшілігі белгілі бір діннің ұстанушылары болған қоғамда, тәртіп көпшілігі діни деп санайтын ережелер мен қағидалар арқылы құрылады, және айтарлықтай ресурстармен жабдықталған аса дәріптелетін әлеуметтік институттарымен қадағаланып отырады. Мысалы, Каирдегі Әл-Азһар университеті — әлемдегі ең көне университеттердің бірі, Оксфордтан ондаған жылдар бұрын қалыптасқан — 800 жылдан астам уақыт бойы бүкіл сүннит Ислам әлемі үшін негізгі оқу орны болды.

Осы қоғамдардағы діндар адамдар үшін, дін олардың жеке тұлға арқауында жатыр олар үшін және қорқыныш, қайғы, немесе белгісіздік кезеңдерде жұбаныш болды. Осылайша, тұрақсыздықтан жылдар бойы зардап шеккен осындай Таяу Шығыстағы сияқты қоғамдар үшін дін аса маңызды рөл атқарады.

Бірақ, тарих қайта-қайта көрсеткендей, егер дін қоғамда терең бекітілсе, саяси өкілеттілер өз өзімшіл мүдделері мен оппозицияны тыныштату үшін діни мекемелерді алдап-арбай алады.  Бұл ұзақ уақыт бойы бүкіл Ислам әлем бойынша  үлкен мәселе болды, себебі онда, Батыс тарихығындағыдай емес, діни басқармалар сирек тікелей билігін жүргізіп,  қайта керісінше, оның орнына саяси элиталар билей алатын мемлекеттің қаруы қызметін атқарған.

Дінге негізделген әлеуметтік және саяси құрылымдар өзгеру және инновацияларға оңай бейімделе бермейді. АҚШ-тың көптеген бөліктерінде орын алған мектептерде эволюция теориясымен қатар креационизмнің кейбір нұсқасын үйрету керек пе деген пікірталас тіпті ең дамыған қоғамдарда, діни-идеологиялық қатаңдықтың қандай дәрежеге дейін бара алатынын көрсетеді.

Мұндай мысалдар, діннің эмоционалдық қолдау, арқа сүйер көмек бола алатынын, бірақ жеке тұлға, біртектілікті айқындау көзі ретінде әлеуметтік тұрғыдан қиыншылықтар тудыра алатынын көрсетеді. Монотеистік және азиялық діндер тарихына қарасақ, олардың жақтаушылары әлеуметтік азшылықтарды жиі бөліп, қаралайтын;  және сәйкестік пен бағыну үшін көпшілдіктен аулақ болды. Атап айтқанда, ортағасырлық және Ренессанс Еуропа тарихы және бүгінде ислам әлемінің  кейбір бөліктері, дін жауынгерлікті тудыруы мүмкіндігін көрсетеді, және еркін пікір білдіру шектеулеріне ақтау үшін пайдаланыла алатынын да көрсетеді.

Бұл мәселелер қиын тарихи қарым-қатынастары бар қоғамдастықтардың бірге өмір сүруге мәжбүр болған кезде шиелінісе түседі, бұл шетелдік державалардың жүктеген шекаралары бар мемлекеттере орын алатын жағдай. Олар қазіргі заманмен қиын тәжірибесі  дін заңнаманы, саясат және біртектілікті қандай ықпал жасауы керек туралы және қасиетті деп қарастырған жөн мәселелер түрлі әлеуметтік топтардың арасында полярлық пікірдің болуымен сипатталатын қазіргі заманмен күрделі тәжірибесі болған елдерде де одан да қатты нашарлайды.

Қоғамның өскелең мүшелері халықтың көпшілік бөлігін құрап, өздері жасамаған ауыр саяси және экономикалық проблемалармен бетпе-бет кездескенде осындай келіспеушіліктер жарылу қаупі бар бола алады.

Таңқаларлық емес, бұл ауырлататын динамика қазіргі уақытта барлық Таяу Шығысты басып алған көптеген соғыстарда бір мезгілде орын алуда. Бұл өңір бүгінде жеті онжылдық бойы саяси қатысу саласын анықтаған институционалдық құрылымдардың ыдырағаннан кейін орын алған мынадай ауыр катарсистен өтіп жатқандай. Мұндай қоғамдағы діннің рөлі сияқты іргелі мәселелер бойынша ұзақ уақыт бойы басылып келе жатқан қақтығыс енді бірінші кезекке, көбінесе күштеу арқылы келе жатыр.

Бұл процесс 2017 жылға және одан әрі жалғасын тапқан сайын, көп жын-перілер босатылып, олар ұзақ уақыт бойы аймақты тұтына алады. Егер солай болса, өңір әлемнің басқа да көптеген бөліктері жаңа технологиялық және ғылыми биіктерге жеткен сайын, одан әрі артта  қала береді. Бұл түбегейлі әртүрлі жолдар Таяу шығыстағы  өсіп келе жатқан ұрпақтың өз сиықсыз мұраларынан құтылуларын қиындата түседі.

Бірақ бұл орын алуы мүмкін жалғыз болашақ болжамы емес. Таяу Шығыстың жастары соңғы екі ғасыр бойы орын алған қоғамдарының жетістіктері мен сәтсіздіктерінен ғибрат алу мүмкіндіктері бар. Олар араб және ислам әлемнің бірінші рет зайырлы заманмен кездесуі туралы, сондай-ақ соңғы 400 жыл ішінде болған Батыстың дінмен жасаған саяси тәжірибесне де ой шала алады. Мұндай ойға шому мен толғану неғұрлым нұрлы болашаққа қарай аймақты апару үшін ең үздік үміт болады. Балама жол оның әлеуетті пайдасын көрмей, діншілдік үшін жоғары бағаны төлеуді жалғастыру болып табылады.

Автор туралы: Тарек Осман Исламизм: Оның Таяу Шығыс пен Әлем және шетте тұрған Египет үшін мәні кітабының авторы.