Астана. 10 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда фильтрі бар темекілердің бөлшек бағасын көтерілді. Үкімет осы жылдың 7 қазанында бекіткен қаулы жарияланған күннен 10 тәулік өткен соң күшіне енеді. Бұл туралы kapital.kz жазды.
Қаулыда көрсетілгендей, бір қорапша темекінің (20 дана) бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін 270 теңгеге көтеріледі. Ал 2017 жылғы қаңтардың 1-інен бастап фильтрі бар темекінің ең төменгі бағасы 300 теңге болады.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап фильтрі бар темекінің бір қорабы 200 теңге тұрса, 2016 жылғы қаңтардың 1-інен бастап темекі бағасы орта есеппен 220-240 теңге аралығында қымбаттады.