Жақсы жалға алушыға табыстаймын: Жалгерге қояр 6 сұрақ

184
жалгер
Фото: 24.kz

Ақысын уақытында төлеп қана қоймай, пәтерді күтіп ұстайтын жалгерді іздестіру күрделі мәселе. Жылжымайтын мүлікті жалға беру жөніндегі кәсіби агент Александер Харибин жөні түзу жалгерді қалай анықтауға болатынын айтты.

Бағасы мен мақсатты аудиториясын анықтап аламыз

Ең алдымен пәтерді кім, қандай әлеуметтік топ өкілі жалдайтынын түсініп алу керек. Егер ол Айнабұлақтағы «үш бөлмелі» пәтер болса, ең дұрысы оны балалы отбасы жалдайды. Ал, егер студия болса оны отбасылы немесе отбасы жоқ жұп, не болмаса бір адам жалға алады. Өз аудиторияңыздан шығып, әуреленбей-ақ қойыңыз, тұратын адам іздеп көп уақытыңызды жоғалтасыз және оны таба алатыныңызға да сенім жоқ.

Баға жөнінде де солай. Пәтердің нақты бағасынан артық баға қоймаңыз. Өзіңізді алушының орнына қойып көріңізші, сіз артық төлейтін бе едіңіз? Әрине, жоқ. Міне, олар да ақымақ емес. Өз бағасынан жоғары субарендаға (қосалқы жалгерлік) немесе притон (қылмыстық немесе жағымсыз мақсатта жиналатын жер) үшін алуы мүмкін. Менің тәжірибемде мынадай оқиға болды. Пәтер иесі жалдау ақысын негізгі құнынан жоғары қойып, яғни, 60 мыңның орнына 70 мыңға бергісі келді. Өздерін отбасылы деп таныстырған жұп келді. Кейіннен олардың пәтерді субарендаға беретіні белгілі болды. Қуанышымызға орай, көршілер бұл жайлы бізге ескертіп үлгерді, содан кейін біз жөні түзу жалдаушыға 60 мыңға бердік.

Нені анықтап алған жөн

Пәтер жалгерін іздеу — жауапты жұмыс. Сондықтан сұрау қоюға қысылмаңыз.

1. Тұратын адамдар мен үй жануарларының (егер болса) саны.

Анықтаңыз:

  • кімдер: отбасы немесе мысалы, екі дос;
  • отбасында бала, үй жануарлары бар ма;
  • қонақты жиі шақыра ма.

2. Жануарлар қаншалықты тәртіпті.

Көпшілігіміз үй жануарларын жақсы көреміз. Оларды пәтерде ұстау – қайткенмен де, тәуекелге бару боп саналады. Алайда, қазір олармен бірге өмір сүру мәдениеті өсті. Үй жануарлары залалсызданады және көбірек бақыланады. Сондықтан, жануар сіздің пәтеріңізді талқандайтындай дәрежеге бара қоймас.

3. Әлеуетті тұрғындар қайдан келген

Сонымен қатар, жалға алушының туып-өскен жерін білу маңызды. Қосымша сұрақтарыңыздың тізімі осыған байланысты туындайды. Егер ол мегаполис маңынан болса, тіркеу керек емес. Егер ол басқа қаладан немесе басқа елден болса, жұмысқа кіру, уақытша тұру үшін тіркеу керек. Құжаттарды рәсімдеуде жалға алушыға сіздің көмегіңіз керек, керек еместігін біліп алыңыз.

4. Жалға алушы қайда жұмыс істейді

Жалгердің жұмыс орны да маңызды. Пәтерақысын толық әрі уақытында төлеуі осыған байланысты. Мен тұрақты және түсінікті компанияларды ұнатамын. Егер болашақ тұрғында бизнес болса, оның қаншалықты сенімді екенін анықтау керек.

Сәйкес келмейтін тұстарға назар салыңыз. Егер адам мұнай саласындағы бизнеспен айналысса, қала маңындағы пәтерді 25 мыңға жалдап отырғаны біртүрлі емес пе?! Егер оны жақын маңда жұмыс істейтін жас отбасы жалдағысы келсе, түсінуге болады. Бұл картинаны түгел білуде маңызды.

5. Бұрынғы жалға берушілер рекомендация беруі мүмкін бе

Жұмысқа аларда әдетте рекомендация сұрайды ғой. Сол сияқты егер тұрғын бірінші рет жалға алып тұрмаса, онда оның бұрынғы жалға берушілерімен сөйлескеніңіз жақсы болар еді. Осыдан бәрі түсінікті болады.

6. Паспорт нөмірі

Келісімшартқа отырмас бұрын миграциялық қызмет сайты арқылы адамның паспортын тексеріп алған жаман болмас. Мысалы, сайтқа кіріп, арнайы қосымша арқылы сот өндірісінде оның қарызы бар ма, жоқ па білуге болады. Әлеуметтік желі мен гугл да көп ақпарат бере алады.

Нені сұрамау керек

Ұлты

Барлық ұлттың жағымды, жағымсыз адамдары болады. Оған әр түрлі мысалдар да бар. Сондықтан ұлт – оның көрсеткіші емес. Ондай сұрақ тек реніш тудыруы мүмкін.

Егер сізді стереотипті сұрақтар мазаласа (мысалы, сіздің пәтерде үлкен отбасы тұратын болса), онда бұл сұрақты сыпайылап біліп, жақсылап тақылау керек.