Жалақының орташа мөлшері 147 988 теңгені құрады

номиналды жалақы
Фото: forbes.kz

Астана. 31 қазан. 7kun.kz — 2017 жылғы үшінші тоқсанында бір қызметкердің орташа номиналды жалақысы 147 988 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салалық құрылымда ең үлкен номиналды жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 272,8 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 271,1 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 215,7 мың теңге (1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 208,5 мың теңге (1,4 есеге асты), құрылыс саласында – 205,9 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі  номиналды жалақы білім беру қызметкерлерінде 90,4 мың теңге болды. Бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,9%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында 275,9 мың теңге болды. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге көп. Жамбыл облысында мұның шамасы 98,1 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш республика  бойынша орташа деңгейден 33,7%-ға төмен.

                      Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша

                      2017 жылғы 3 тоқсандағы орташа айлық жалақы