Жамбыл облысында 9 түрлі сүт өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылуға дайын

937
сүт

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz — Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы, Меркі ауданының әкімі Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы айтты.

Бахтияр Көпбосыновтың сөзіне сүйенсек, ауданымыздың сапалы сүт өндіру, асыл тұқымды мал басының үлес салмағын арттыруға «Бахор», «Талды бұлақ», «Олжа», «Жайлау», «Нарт» атты шаруа қожалықтары қомақты үлесін қосып отыр. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Азиз Хейроев  сүт өнімін өңдейтін шағын зауыт қондырғыларын 18 млн теңгеге орнатып, 9 түрлі сүт өнімін шығаруға дайын, жақын уақытта салтанатты түрде ашылуы жоспарлануда.

Шырын тазалайтын цех та қайта жаңғыртылуда. «Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС-ң Меркі филиалы 2016 жылдың ІІ-тоқсанында кәсіпорынның  шырын тазалайтын цехын қайта жаңғыртуды жоспарлауда. Кaмерлық фильтр-пресс КФ-1200 тәулігіне 250 тонна шикізат шырынын мехaникалық қоспалардан, ластанған сұйықтықтардан тазалайды және кірлерді залалсыздандырады. Жоба құны 664 млн. теңге. Жобаны іске қосылу мерзімі 2016 жылдың 10 сәуіріне жоспарлануда, жаңа 18 жұмыс орны ашылады деп күтілуде»,- деді аудан әкімі.

Сондай-ақ Жамбыл облысында жылына 250 тонна шұжық және 262 мың консерві шығару жоспарлануда. «Рысқұлов ауылында орналасқан «Меркі ет» ЖШС-не қарасты бұрынғы ет комбинатын қайта жаңғыртып, қуаттылығы жылына 250 тонна шұжық және 262 мың консерві (тушенка) банкасы шығарылады. Жоба құны 621 млн теңгені құрайды. Жоба толық іске қосылса 25 азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылады деп жоспарлануда»,-дейді Б.Көпбосынов.