Жамбыл облысында күзде екі химиялық зауыт жұмыс істейді

Шымкентте
Фото: dribbble.com

Алматы. 07 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың қыркүйек айының соңына дейін Жамбыл облысында 129,8 млрд теңгеге екі жаңа өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Тараз химиялық паркі» АЭА хабарлады.

Облыста каустикалық сода мен хлор өндірісінің алғашқы кезеңі іске қосылады. Жобаның құны 60,2 млрд теңгеге бағаланады. Кәсіпорын 40 мың тонна каустикалық сода, 20 мың тонна кальций хлориді, 10 мың тонна кальций гипохлориті, 9,6 мың тонна тұз қышқылы және 3,2 мың натрий гипохлоритін шығарады. АЭА-да жобаның екінші және үшінші кезегі стратегиялық серіктес тартылғанға дейін тоқтатылғанын атап өтті.

Сондай-ақ 2019 жылдың ІІІ тоқсанының соңына дейін интеграцияланған химиялық кешеннің бірінші кезегі іске қосылады деп күтілуде. Ақпаратқа сәйкес, өңірде гербицид пен үш хлорлы фосфор өндірісі жолға қойылады. Кешеннің қуаты 10 мың тонна глифосфатты, 5 мың тонна формулятты, 13,6 мың тонна үш хлорлы фосфорды, 7,4 мың тонна аммоний сульфатын, 2,6 мың тонна тұз қышқылын және 13 мың тонна ас тұзын құрайды.

Бұл кәсіпорынның да екінші кезегі стратегиялық серіктес тартылғаннан кейін іске қосылады.

Айта кетейік, жобалар толық іске асырылғаннан кейін 1,2 мың адам жұмыспен қамтылады.