Жапония үкіметі юань девальвациясынан қауіптеніп отыр

564

Егер Бейжің юань девальвациясына қатысты шаралар қабылдамаса, Жапония экономикасына зиян келуі мүмкін. Бұл жөнінде Жапония экономика министрі Ясутоси Нисимура мәлімдеді.

«Қытай осы мәселенің шешімін таппаса, одан келер әсер үлкен болады. Тиісті шараларды жасайды деп күтіп отырмыз, «- дейді министр.

Өткен аптада Қытай екі он жылдық ішіндегі ең ірі девальвация жүргізген еді. Орталық банк болса, ресми курсты нарықтық курсқа барынша жақындатуға тырысудамыз деген болатын.

Я.Нисимураның айтуынша, Қытай Орталық банкінің бұлай жасауы — экономикалық өсімнің ақырындауын ұстап тұру үшін жасалған мақсатты қысқа мерзімді шара.

Қытайдағы девальвация бірнеше азия елдері валюталарының әлсіреуіне әкеліп соқққан.

Десе де, июаньға қатысты иена тұрақтылығын сақтап отыр.