Жапонияда әлеуметтік роботтар бірнеше минут ішінде сатылып кетті

676

Жапонияда адам кейпінде жасалған роботтар бірнеше минут ішінде сатылып кетті. Темір құрылыстың есімі Pepper және ол Softbank компаниясымен өндіріледі. Компания өз сайтында енді тапсырыстың қабылданбайтындығын жазған. Қосымша сатылым туралы тек шілде айында белгілі болады.

«Pepper- адамдармен өмір сүру үшін құрылған бірінші адамтектес робот. Сіздің көңіліңізден шықпай қалмас үшін ол тамақ істемейді, үй жинамайды, супер қабілеттері жоқ. Ол әлеуметтік робот. Сізбен сөйлесіп, экмоцияңызға назар аударып, автономды өмір сүре алады»,- делінген жарнамада.

Ақпан айында шығарылған 300 дана робот үшін сатып алушылардың көп болғандығы сондай, оларды жеребе арқылы таңдауға тура келген еді.