Zara, Tesla мен Krispy Kreme неліктен жарнамаға ақша жұмсамайды?

0
319
жарнама
Фото: yellowkorner.com

Тауар сатылуы үшін жарнама керек. Бұл құжаттың заңдылығын мақұлдайтын мөр сияқты. Мөрсіз құжатыңыз қағаз ғана. Жарнамасыз тауар да сол сияқты дегенмен мұнымен санаспайтын компаниялар да бар. Әрі олар «үтікті қоссаң» шыға келетін компаниялармен бәсекелеседі.  Қалайша?

Zara

Әлемге әйгілі киім брендінің жарнама бөлімі жоқ. Zara-ның жарнамасын интернеттен, билбордтардан еш жерден кездестірмейсіз. Zara-дан бөлек Bershka, Massimo Dutti сынды брендтер тиеселі Inditex компаниясы брендді алға жылжытудың басқа тәсілдерін қолданады.

Zara тауарларының негізгі бөлігін подиумдарда жарқ еткен әйгілі киімдердің арзан нұсқасы құрайды. Яғни бүгін 10 мың долларлық көйлек әйгілі подиумдардың бірінен жылт етсе, апта өтпей жатып оның 10 мың теңгелік нұсқасы Zara дүкендерінде тұрады. Сонымен қатар Zarа-ның иелері сату нүктелерін әйгілі көшелердегі әйгілі дүкендермен қатар орналастырып, солармен бірдей әрлеуге тырысады. Нәтижесінде жарнамаға ақша жұмсамай, басқалардың маркетингтік бюджетіне «ортақтасады». Сондықтан болар H&M, Uniqlo сияқты өзі қатарлы брендтермен салыстырғанда Zara-ның әйгілі брендтермен араластығы жоқ. Тіпті жиі шекісіп қала береді. 2008 жылы Christian Louboutin Zara-ның туфлидегі әдемі өкшені «ұрлағаны» үшін сотқа берді. Алайда еш дәлелдей алмады. Испандық бренд те қытайлық брендтер сияқты ұрлығын дәлелдеу қиын. Бұл сот процессі Zara –ның имиджіне кез-келген жарнамадан да жақсы әсер етті.

«Жаңа дүкендерді ашу кезінде Prada мен Gucci қатар тұруға тырысады, керісінше Zara-мен қатар қоныстанудан қашады. Ал Zara-ның стратегиясы керісінше, оларға барынша жақын орналасу», — дейді «Tank» атты мәдениет пен сән туралы журналдың редакторы Масуд Голшорхи.

Мысалы: Мадридте Zara — Gucci, Loewe, Louis Vuitton, Armani сияқты люкстік брендтермен қатар орналасқан. Стамбулда әйгілі Тешвикие көшесінде Cartier, Hermès мен Chanel-мен көрші. Zara 2011 жылы Нью-Йоркте Бесінші авеньюдегі ғимаратты $324 млн сатып алды. Бұл сол жылы Манхэттендегі ең қымбат келісім деп саналады. Мұндағы мақсат та әйгілі көшедегі әйгілі брендтерге жақын болу.

Tesla

Әлемде ең көп талқыланатын брендтің бірі – Tesla-ның жарнамашы, маркетологтары жоқ. Илон Маск тұрғанда оның қажеті не? Америкалық Forbes-тың 2016 жылғы әлемдегі ең ықпалды адамдардың рейтингінде  Илон Джека Ма, Сергей Брин мен Тима Куктан жоғары тұр. Әлеуметтік желіде белсенді, БАҚ-пен қарым-қатынасы жақсы. Болашақ туралы ойларымен жиі бөліседі. Оның кез-келген мәлімдемесі рейтингі жоғары БАҚ-на бірден жарияланады. Tesla-ның кез-келген бөлшегі жарық көрісімен Масктың аузымен әлемге адамзат ойының ең озы үлгісі ретінде таныстырылады. Бұл көп жағдайда сәтті орындалады.

2012 жылы Model S сатылымы басталған тұста $69 000 седан Car and Driver журналы тарапынан бес жұлдыздың бесеуін, Consumer Reports  басылымы тарапынан  100 баллдың 99-ына иеленді. Ал дәл сол кезде шыққан Porsche Panamera спорткары 84 баллға ие болды.

Tesla туралы жазған екі басылымның да берген бағасы кез-келген жарнамадан асып түсті.

Krispy Kreme

Пончик пісіретін 80 жылдық тарихы бар компанияның 25 елде 1000-нан астам дүкені бар. Әр сату нүктесі ашылған кезде міндетті түрде ұзын-сонар кезек пайда болады. Соңғы жылы компанияның табысы 29% өсіп, $518 млн құрады. Бірақ бұған жарнаманың қатысы жоқ. Құрылғалы жарнамаға мән бермейтін компания тек 2016 жылы ғана бірінші рет телевизияға жарнама берді. Брендтің тарихы Әйгілі депрессия жылдары Кентуккиде баталды. Оны 22 жастағы Вернон Рудольф ашты. Ағасының дүкенінде пончиктердің көз ілеспес жылдамдықпен сатылып жатқанын көрген ол алғашқы кезде дайын пончиктерді дүкендерге тарата бастайды. Табысы ұлғайған соң бір жерде тұрып сатуға бел буады. АҚШ-тан тыс жердегі Krispy Kreme 2001 жылы Торонтода ашылды. Қазір оның Ұлыбритания, Ресей, Австралия, Тайланд,. Таван, Сауд Арабиясы, Эфиопия т.б жерлерде сату нүктелері бар. Оның тұрақты тұтынушыларының қатарында Бейонсе бар. Компания дәстүрлі жарннаманың жақтаушыларының қатарынан емес. Оның орнына түрлі акциялар ұйымдастырғанды жөн көреді. Мысалы: 2008 жылы АҚШ президентінің сайлауы кезінде сайлауға келгеннің бәріне пончик таратты. Барак Обаманың президент болып сайланған кезде келушілерге көбігінде Обаманың суреті бар кофені тегін таратты. Кофені алу үшін баристаға Yes, we can!» деп айту жеткілікті болды. Сондай-ақ, оның пончиктерін «Секс в большом городе» және «Клана Сопрано» фильмдері мен сериалдарындағы әйгілі кейіпкерлер сүйсініп жейді. Бұл кез-келген жарнамадан да жақсы нәтиже беріп отыр.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ