Жасыл энергетика: 5 жылда 70 пайыздық өсім

803
Фото: vestifinance.ru

Экономикасы дамыған 20 елдің күн және желден алатын энергетикасы (электр) 5 жылда 70 пайызға өсті. Қазір G20-ның жеті елі 2010 жылдан қарағанда жалпы электрдің 10 пайызын баламалы энергия көздерінен алып отыр. Бұл туралы vestifinance.ru жазды.

Қайтарымды көздерден ең көп энергия алатын — Германия. Bloomberg New Energy Finance-тің ақпаратына сәйкес, мұнда жасыл энергетика барлық электрдің 36 пайызын береді.

Ұлыбритания мен Италия және Франция  барлық электрэнергиясының 19 пайызын қайтарымды қайнар көздерден алады. Аустралия мен Бразилияда бұл көрсеткіш 11 және 13 пайызға жетті. Жалпы Еуроаймақта барлық энергияның 18 пайызы «жасыл» энергетикадан өндіріледі.

5 жылдың ішінде ең жоғары өсім Ұлыбританияда байқалды: баламалы қайнар көздерден алынатын энергия үлесі 2010 жылы 6 пайыз болса, 2015 жылы 24 пайызға жетіп отыр.