Жеңілдетілген автонесиелендірудің арқасында автокөлік паркі 40%-ға жаңаруы мүмкін

586
Астанада мыңнан астам адам КО елдерінен алған көліктерін тіркей

Жеңілдетілген автонесиелендірудің арқасында бес жыл ішінде Қазақстанның автокөлік паркі 40%-ға жаңаруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) басшысы Андрей Лаврентьев хабарлады.

Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасының арқасында табыс деңгейі орташа азаматтар қол жетімді шарттарда жаңа автокөлік алу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, Қазақстанда автокөлік паркі жаңаруда, бүгінгі таңда қазақстандық автопарктің жасы 10 жастан жоғары. А.Лаврентьев қазіргі кезде үкіметте жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасының мерзімін ұзартуға қатысты келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

«Егер осы бағдарламаның аясында екінші және үшінші транш болса және автонесиелендірудің жалпы сомасы шамамен 100 млн теңгені қамтыса, онда бес жылдың ішінде біз елдің автопаркін шамамен 35-40%-ға жаңарта аламыз. Егер біз бұны елдегі экологиялық жағдай, ескі авто салдарынан болатын жол көлік апаттарынан қазаға ұшырау тұрғысынан қарастыратын болсақ, бұл аса ірі эффект берері анық», — деп мәлімдеді ҚАБҚ басшысы.

Сонымен қатар А.Лаврентьев елдегі автопаркті жедел жаңарту үшін жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасына қолданыста болған атокөліктерге утилизация жасау және Trade in бағдарламалары қосылатынын айтты.

Сондай-ақ ҚАБҚ басшысының айтуынша, жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасының іске асырылуы автоөндірісте және автоөндіріске байланысты салаларда шамамен мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік берген.

ҚАБҚ есептеулеріне сәйкес, жеңілдетілген несиелендіруге бөлінген жалпы соманың қайтарылуымен бірге бюджет автокөлік сатып алуға қатысты міндетті төлемдермен (салық және есепке тұрғызу) толығып жатыр. Шамамен алғанда, осы жолмен бюджетке түсетін табыс бөлінген сома көлемінің 0,5%-ын немесе 75 млн теңгені қамтиды.

Бұған дейін жазғанымыздай, жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы 2015 жылдың 20 сәуірінде баталды. Осы бағдарлама аясында Ұлттық қордан 20 млрд теңге бөлінді.

Борышкерлерге Қазақстанда жиналған Kia, Chevrolet, Skoda, Hyundai, SsangYong, Peugeot автокөліктерінің 55 моделі — жеңіл автокөліктер, сонымен қатар жол талғамайтын көліктер мен кроссверлер ұсынылады.