Жеңілдікке қол жеткізудің 7 тәсілі

жеңілдік

Жеңілдік — жақсы нәрсе. Бірақ көбінде біз бұл игіліктен құр қалып жатамыз. Ұяламыз не болмаса сатушыны көндірудің дұрыс жолын білмейміз. Жеңілдікті қалай сұрайды? Базарда қалай саудаласу керек?  7kun.kz жеңілдікке қол жеткізу тәсілдерін түсіндіреді.

  1. Жеңілдік жайында сұраңыз 

Кейде бағаны түсіру үшін жеңілдік туралы өзіңіз сұрауыңыз қажет. Егер сатушыға жеңілдік жасау қиын болмаса, ол сізбен келісуге әркез  дайын.

Қай жерде жүрсеңізде жеңілдік сұрағаннан қорықпаңыз. Супермаркетте, базарда, кинотеатр кассасында, KFC-де жүрсеңіз де жеңілдік сұрай беріңіз. Бұны ойын деп қабылдауға болады. Егер жеңілсеңіз тұрақты бағасымен сатып аласыз не сәтін салып, қалтаңызда артық 500-1000 тг қалады.

2.   Кетуге дайын болыңыз

Әрқандай келіссөзде тауардың сізге қаншалықты керек екенін көрсетпеңіз. Егер сатушы сіздің сол затқа қатты мұқтаждығыңызды сезсе, бағаны мүлде түсірмей қояды.

Біз сауда жасамас бұрын үнемі бір қателікті жіберіп аламыз. Тауарды алмас бұрын » Міне осы моделін таппай жүрдім ғой. Осыны іздеп 7 дүкенді аралап шығып едім» деп ағымыздан ақтарыла кетеміз. Егер алдыңызда тәжірибелі саудагер болса, бағаны түсірмек түгілі, үстіне қосып сатып жібереді.  Сондықтан саудагерге тауардың сізге қаншалықты керек екенін білмегені, сіз үшін соншалықты жақсы.

Одан да бағаның сіз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетіңіз. Мысалы:

  • Кешіріңіз, мына бағаға мен ала алмаймын.
  • Маған бәрі ұнап  тұр, алайда сәл қымбат сияқты. Ренжімеңіз мен басқа түрлерін қарайын.

Тауардың сізге аса қажет еместігін көрсетіңіз. Осындай кезде ең жақсы әрекет — тайм аут алу. Егер сіз бұрылып кетіп бара жатсаңыз, саудагер сізден айырылып қалам ба деп қорқып бағаны түсіріп беруі мүмкін.

     3.Менеджерге шығыңыз 

Кейде сатушы жеңілдікті жасағысы келмегендіктен жасамайды емес, құзыры жетпегендіктен жасай алмайды. Сол себепті ол бас кеңсеге хабарласады немесе менеджерді шақырады.

Мысалы, сіз интернет магазинге тапсырыс бердіңіз дейік. Телефонда сізбен Call-орталықтың қызметкері сөйлесті. Ол бағаға әсер ете алмайды, тіпті қандай жеңілдік жүргізіп жатқанын да білмеуі мүмкін.  Осындай жағдайда жеңілдік жасай алатындармен байланыстыруын сұраңыз. Яғни тікелей бағаға әсер ете алатын адамдармен сөйлесіңіз, әрдайым өзіңізге тиімді тұсын қарастырыңыз.

    4.Ақшаңыздың жетпей тұрғанын айтыңыз

Егер саудалауды білмесеңіз бұл айла жақсы пайдасын тигізеді. Мысалы тауар 1000 теңге тұрады дейік, сіз оған 900 теңгеңіздің барын ғана айтасыз. Сізге сатушы сену үшін қалтаңыздан ақшаны көрсетіңіз.(алдын ала дайындап қойыңыз) Көп жағдайда сатушының өзі сізге: «Ала бер, жарайды» дейді.

    5. Егер сіз тұрақты тұтынушы болсаңыз, жеңілдік алу мүмкіндігіңіз өседі

Базар заңының бірі сатушылар тұрақты тұтынушыларына жеңілдік береді. Бірақ сіз оны ескертпесеңіз жеңілдік жасамайды. Сондықтан сатушымен сауда барысында бұл туралы ескертіп қойғаныңыз жөн.

    6. Сатушының көңіліне қараңыз

Көп адамдар жеңілдік сұрағанда ренжиді. Бұл олардың сараңдығынан емес, сіздің дұрыс сұрай алмағаныңыздан. Сатушы да сіз сияқты адам. Сәтті сауда жасағыңыз келсе,  сатушының көңілін табуға тырысыңыз.  «Маған жеңілдік бергеніңіз сізге тиімді емес екенін түсінемін. Егер бұл шешім сізге пайда тигізбесе, онда жеңілдікпен бермей-ақ қойыңыз. Мен бәрін түсінемін. Бірақ жеңілдік берсеңіз маған өте көмектескен болар едіңіз», -деген сөздерді айтыңыз.

Сіз оған сізге тиімді ұсыныстан бас тартуына көмектесіп жатырсыз. Бұл жердегі парадокс мында, оған сіздің ұсынысыңыздан бас тартқан қандай оңай болса, сізде солай оңай қабылдай салдыңыз. Сіз адамға таңдауға мүмкіншілік бергенде,  «өзіңіз шешім қабылдайсыз, бәрі өзіңіздің еркіңізде, сіздің айтқаныңыз болады, тиімдісі сізге қайсысы» деп айтып жатқандай боласыз. Сонда ол шешімді сізге тиімді қылып жасайды.

     7. Есіңізде сақтаңыз, жеңілдікті тек бағаға жасамайды 

Мысалы тегін жеткізу, қосымша құрылғылар (егер ол бөлек сатылатын болса), басқа да заттарды сыйға беріп жатса, бұның өзі жеңілдік. Сізге қандай жақтан болмасын жеңілдікке ие болған тиімді. Сондықтан осындай жеңілдік түрлерінде сұрап біліңіз.

Сауда — ол  келісім-шарт. Әрдайым өзіңізге тиімді тұстарын қарастырыңыз. Саудаңыз сәтті болсын!

Ерік Жұлдыз  «7»