ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1

Жеңіс Қасымбек ҚР Инвестиция және даму министрі болды

Жеңіс Қасымбек ҚР Инвестиция және даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды. «Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын», — делінген хабарламада.

Ал  бұған дейін бұл министрлікті басқарған Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Сондай-ақ, Әділбек Жақсыбеков енді ҚР Президенті Әкімшілігін басқаратын болады. Ал Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы болған Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болды.

Tags

Осы айдарда

Close