Желіде Samsung Galaxy S6 edge Plus бағасы туралы ақпарат пайда болды

Жаңа Samsung Galaxy S6 edge Plus смартфонының бағасы 32 Гигабайттық үлгісі үшін 799,99 евро немесе шамамен 164 мың теңге болмақ деп хабарлайды SamMobile.

Аппарат 16-мегапиксельді негізгі камераға және екі жағынан иілген, диагоналі 5,5 немесе 5,7 дюйм болатын 2560х1440 пиксельді Super AMOLED дисплейіне ие.

2015 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша смартфондар нарығындағы Samsung үлесі 3,1%-ға, 24,8%-дан 21,7%-ға дейін қысқарған болатын. Ал компанияның басты бәсекелесі Apple-дің үлесі 2,4%-ға, 14,1%-ға дейін артты.