Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие сәуірдің аяғына дейін жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Өзіміздің автоөндіріске назар аударамыз, сондықтан қазір бағаны тұрақты ұстау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Жеңілдетілген автонесие деп автокөліктер 10 миллион теңгеге дейін қаржыландырылады дегенді айтып отырмыз. Бірақ көлікті одан да қымбатқа сатып алуға құқығыңыз бар, бірақ айырмашылықты өз қаражатыңыздан төлейсіз. Сәуірдің аяғына қарай шешім қабылдаймыз деп ойлаймын, 4 пайыздық жеңілдікпен несие беру болады", – деді министр.
Сондай-ақ, ол азаматтардың көлік бағасының күрт өсуіне қатысты алаңдаушылығы туралы пікір білдірді.
"Әзірге қазақстандық көліктер бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ баға күн сайын көтеріліп жатыр, сондықтан ертең баға қандай болатынын айту қиын. Бірақ көп тауар бойынша тіпті төмендеу үрдісі байқалады", – деді ол.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024