Жетім балаларды асырап алған ата-аналар салықтан босатылады

жетім
Фото: ClassPic.RU
Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда қолданысқа енгізілген жаңа салық кодексі жетім балаларды асырап алған ата-аналарды табыс салығынан босатады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді. 

«Жетім балаларды асырап алғандар жылдық табысының мөлшеріне қарай табыс салығынан босатылады», — деді вице-министр.

Қараусыз балаларды асырап алған отбасының табысы 2,1 млн теңге көлемінде болса, енді олар салық төлемейтіндер қатарына кіреді.

Руслан Дәленов өз сөзінде асырап алынған бала 16 жасқа толғанға дейін ата-анасы осы жеңілдікке ие болатынын айтты.

Сондай-ақ, жаңа салық кодексінде мүгедек болып қалған ата-ананың біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік қарастырылған. Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда 76 мыңға жуық азаматқа осы бағыт бойынша жеңілдік беру көзделіп отыр.

 

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат