«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойыздарына жеңілдіктер жариялады

489

«Жолаушылар тасымалы» АҚ  «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарына жеңілдіктер жариялап жатыр. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап «Турист», «Бизнес» және «Гранд» кластарына сәйкес мына пойыздарда 40 пайызға дейінгі жеңілдіктер қарастырылады:

Үш санат бойынша жүзеге асырылатын дисконт карталарға да жеңілдіктер бар:

1. «Кұрмет» — 50 жастан асқан қарт кісілерге берілетін жеңілдік көлемі 30 пайыз;

2. «Жастар» — 16-25 жас аралығында жастарда жеңілдік көлемі — 30 пайыз;

3. «Саяхатшы» — тұрақты тұтынушыларға жеңілдіктер 10-20 пайыз көлемінде.

«Осылайша, дисконт картасы бар жолаушы жаңа жеңілдіктер есебімен қосқанда 70 пайызға жуық жеңілдікпен билет сатып ала алады. Жеңілдіктердің басым көпшлігі «Гранд» және «Бизнес» кластарға арналған», — дейді компанияның баспасөз қызметі.