Жұмысқа мұқтаж қазақстандықтардың саны өсті

31
жұмыс
Фото: wbur.org

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанда жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны артып келеді. 2019 жылдың соңында елде жұмыс іздеушілер саны 97,5 мың адамды құрады, ал 2018 жылдың соңында — 91,6 мың.

Бұл ретте Қазақстандағы өсім Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғары өсімнің бірі болып қалды.

ЕАЭО статистикасы бойынша, Одақ елдерінің арасында ең жоғары өсім Қырғызстанда байқалды — 7,1%-ға, 76,1 мың адамға дейін.

Сонымен қатар, ЕАЭО-тың басқа елдерінде жұмыс іздеушілер санының төмендеуі байқалады. 2019 жылдың соңында Ресейде жұмыспен қамту органдарында 691,4 мың адам тіркелді, ол бір жыл ішінде 0,2%-ға, Арменияда – 4,3%-ға 61,8 мың адамға дейін, Беларусьте — 29,6%-ға 8,8 мың адамға дейін төмендеді.

ЕАЭО-да жұмыспен қамту органдарында барлығы 935,6 мың адам тіркелген.