«Жыл автокөлігі — 2015» ұлттық бәйгесі жарияланды

24 қазан күні Қазақстандағы ең танымал автокөліктердің аты аталады. Бұл autogoda.kz сайты ұйымдастырған онлайн дауыс берудің арқасында мүмкін болды.  «Жыл автокөлігі — 2015» ұлттық бәйгесі аясында өткен онлайн-дауыс беруге  150 000-ға жуық қазақстандық қатысқан.

Олар әрбір номинация бойынша жол талғамайтын кіші класс пен орта жоғарғы өлшемдегі пикаптар мен спорткарларға дауыс берген. Енді үздік автокөліктер  24 қазан күні Алматыда бәйгенің басты серіктесі «Еуразия» жаңа тұрғын үй кешенінде автокөлік нарығының басты ойыншыларының және жұлдыздардың қатысуымен өтетін салтанатты кеште таныстырылмақ.

Кеш барысында дауыс беруге қатысқандар арасында — автокөлік ұтысы ойнатылмақ. Шара  PH Electro хэдлайнерлері,  танымал музыканттар мен диджейлерінің және Еуропалық әншілердің қатысуымен болады.

Автокөліктер мына номинациялар бойынша таңдалған: 

  • кіші класс
  • гольф-класс
  • бизнес-класс
  • орта-класс
  • өкілдік класс
  • luxury
  • кабрио
  • купе
  • вэндер
  • төрт есікті купе
  • кіші жол  талғамайтын көліктер
  • компактілі жол талғамайтын көліктер
  • орта өлшемді внедорожник
  • толық өлшемді жол талғамайтын көліктер
  • пикаптар
  • микроавтобустар
  • мини-фургондар

Сондай-ақ шара барысында төмендегі арнайы номинациялар бойынша да үздіктердің ата аталады. 

  • «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» (Қазақстанда жасалған ең жақсы автокөлік)
  • Кедендік одақ (Қазақстан, Ресей, Белорусияда жасалған ең жақсы автокөліктер)
  • Премьера 2015 (2015 жылы Қазақстан нарығында ұсынылған ең танымал көлік/бренд)
  • Жыл автокөлігі
  • Жыл жобасы
  • Автокөлік өндірісіне қаржы салғандар