АвтоЖаңалықтарТаңдаулы1Таңдаулы2

Жыл басынан бері Қазақстанда 9,2 мыңнан астам көлік өндірілді

Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz — Жыл басынан бері Қазақстанда 52,85 млрд теңгеге 9,2 мыңнан астам көлік өндірілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоПром».

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 84,5%-ға артық. Сонымен қатар, жеңіл автомобильдер өндірісі 92,2%-ға артып, 8,8 мың бірлікке жетті. Есепті кезеңде автобустардың өндірісі (60 бірлік) 7,7%-ды құрады. Жүк көліктерінің шығарылымы (236 бірлік) 9,6%-ға төмендеді. Арнайы техника өндірісі 28-ден 44-ке дейін, тіркемелер — 113-тен 173-ке дейін өсті.

2018 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 2,4 мың көлік шықты, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 47,2% жоғары.

Отандық автокөлік зауыттарының сатылымы 2018 жылдың алғашқы төрт айында 7,6 мың бірлікке жетті. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен (3,8 мың бірлік) 98,5%-ға жоғары. Қазақстандық автокөлік өнеркәсібі кәсіпорындарының нарықтық үлесі 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі 32,5%-бен салыстырғанда 46,9%-ға дейін өсті.

Tags

Осы айдарда

Close